Об организации Молодежной практики для безработных граждан-выпускников учебных заведений среднего и высшего профессионального образования в Каркаралинском районе на 2011 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации Молодежной практики для безработных граждан-выпускников учебных заведений среднего и высшего профессионального образования в Каркаралинском районе на 2011 год
- Атауы (қаз.)
- Қарқаралы ауданында 2011 жылға арналған орта және жоғары кәсіби білім орындарын бітірген түлектер-жұмыссыз азаматтарға Жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 170
- Қабылданған күні
- 14.06.2011
- Көрсетілген редакция
- 14.12.2015 59443_369331.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11KM000099
- ЭКБ идентификаторы
- 59443
- Редакция идентификаторы
- 59443_369331
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:12
0 Қарқаралы ауданында 2011 жылға арналған орта және жоғары кәсіби білім орындарын бітірген түлектер-жұмыссыз азаматтарға Жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабы 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 13) тармақшасына сәйкес, жұмыссыз азаматтарды-орта және жоғары кәсіби білім беру орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру, олардың практикалық тәжірибесін, білімдері мен дағдыларын қалыптастыру мүмкіндіктерінің аясын кеңейту мақсатында Қарқаралы ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Уәкілетті орган – "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі- Жұмыспен қамту бөлімі):
1 1) жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелген, кәсіби және техникалық орта білімнен кейінгі, жоғары оқыту бағдарламасын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын бітіруші, жиырма тоғыз жастан аспаған жұмыссыз жастар арасында Жастар тәжірибесін ұйымдастыру жұмыстарын жүргізсін;
2 2) Жастар тәжірибесі шеңберінде кәсіптік оқу орындарының жұмыссыз түлектеріне уақытша жұмыс орындарын ұсынуға тілек білдірген жұмыс берушілермен жұмыссыз жастар үшін дипломнан кейінгі кәсіптік тәжірибені ұйымдастыруға шарттар жасасын;
3 3) Жастар тәжірибесі бойынша іс-шараларды жүргізуді қаржыландыру республикалық трансферт және аудандық бюджет есебінен жүзеге асырылсын.
2 2. Жастар тәжірибесіне жіберілетін адамдар үшін орташа айлық аударымдар мөлшері жұмысқа орналыстырылғандардың жоспарлы саны мен қатысу ұзақтығын ескеріп, міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын қосқанда 26 000 теңгені құрайды.
3
3. Қарқаралы ауданының әкімдігінің 20 сәуір 2010 жыл "Жұмыссыз жастарға арналған "Жастардың іс-тәжірибесін" ұйымдастыру туралы" N 82 Қаулысының (Қарқаралы ауданының Әділет басқармасында 2010 жылдың 29 сәуірдегі N 8-13-82 болып тіркелген, 2010 жылдың 8 мамырда "Қарқаралы" газетінде N 37-38 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.