Об организации социальных рабочих мест в Каркаралинском районе на 2011 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации социальных рабочих мест в Каркаралинском районе на 2011 год
- Атауы (қаз.)
- 2011 жылы Қарқаралы ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 169
- Қабылданған күні
- 14.06.2011
- Көрсетілген редакция
- 02.02.2012 59527_215887.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.02.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11KM000100
- ЭКБ идентификаторы
- 59527
- Редакция идентификаторы
- 59527_215887
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:12
0 2011 жылы Қарқаралы ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес, нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Нысаналы топтардағы жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы бекітілсін.
2 2. Уәкілетті орган – "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне:
1 1) заңнамада белгіленген тәртіппен нысаналы топтардағы, жұмыс істеуге ниет білдірген жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу жұмыстарын жүргізу;
2 2) осы санаттағы азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс берушілермен келісім-шарттар жасау бойынша жұмыс жүргізсін;
3 3) әлеуметтік жұмыс орындарының ұйымдастырылуының тиімділігін бақылау, жасалған шарттардың орындалуы бойынша жұмыс жүргізсін.
3 3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздың еңбекақысын төлеуге жұмсалатын жұмыс берушінің шығындары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі еңбекақы көлемінен елу пайыз мөлшерінде жергілікті бюджет қаржысы есебінен бөлшектеліп өтеледі.
4
4. Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 20 сәуіріндегі "Қарқаралы ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы" N 83 қаулысының (Қарқаралы ауданының Әділет басқармасында 2010 жылдың 29 сәуірінде нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде N 8-13-81 санымен тіркелген, 2010 жылғы 8 мамырындағы N 37-38 "Қарқаралы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5 5. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары С.С. Дюсетаевқа жүктелсін.
6 6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
10 Қарқаралы ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 14 маусымдағы
N 169 қаулысымен бекітілген
Нысаналы топтардағы жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы
1 1. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінішті уәкілетті орган "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (одан әрі-Уәкілетті орган) береді.
2
2. Уәкілетті орган әлеуметтік орындарын ұйымдастыруды ұсынушы жұмыс берушілерді іріктегенде келесідей талаптарды ескереді: кәсіпорынның төлем қабілеттілігі, еңбекақыны уақытында төленуі, жұмыс орнының қауіпсіздік техникасы нормасына сәйкестігі, кәсіпорында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі нормаларының сақталуы, Уәкілетті органмен келісілген келісім-шарт уақытының аяқталғаннан кейін жұмыссызға тұрақты жұмыс ұсыну мүмкіндігі.
3
3. Келісім-шартқа екі жақтын міндеттері, жұмыстың түрлері, көлемі, еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзімі мен көздері, жіберілетін жұмыссыздардың саны көрсетіледі. Келісім-шарт 6 айдан аспайтын мерзімге жасалынады. Жұмыс уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайды.
4 4. Жұмыс берушімен келісім-шарт жасалғаннан кейін, Уәкілетті орган әлеуметтік жұмыс орынына жұмысқа орналасу үшін нысаналы топтардағы жұмыссыздарға жолдама береді.
5 5. Жұмыс беруші жолдама алған жұмыссызды әлеуметтік жұмыс орынына алады, онымен келісім-шартқа отырады, қауіпсіздік техника нормаларына сәйкес жұмыс орнын ұсынады.
6
6. Жұмыс беруші еңбек ақыны төлеуде шығындардың орнын толтыру үшін ай сайын ағымдағы айдын 20 күніне дейін Уәкілетті органға белгіленген тәртіпте келесіні ұсынады: жұмысқа алу туралы бұйрықтан үзінді, жұмыс уақытын есептеу тізімін, әлеуметтік жұмыс орындарына алынған жұмысшылар есебі мен атқарылған жұмыстардың актісі.