Құжат мәтініне өту

Об организации и обеспечении очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года

Қаулы · № 113 · қабылданған 25.07.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2011-ekb-60008/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об организации и обеспечении очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года Күшін жойған Қаулы ·№ 113 ·25.07.2011
21.05.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.05.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и обеспечении очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 113 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и обеспечении очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года
Атауы (қаз.)
2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
113
Қабылданған күні
25.07.2011
Көрсетілген редакция
21.05.2012 60008_165774.kaz
Соңғы өзгеріс
21.05.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11TD000185
ЭКБ идентификаторы
60008
Редакция идентификаторы
60008_165774
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:54

0 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті

мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Занының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына, және Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы"  қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру және жіберу ұйымдастырылсын.

2 2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу мақсатында аудандық шақыру комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3 3. Аудандық орталық ауруханаға (келісім бойынша) шақыру (жиын) пункттерін жабдықтауды және оған қажетті дәрі-дәрмекпен, құрал-аспаппен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылсын.

4 4. Шақыру учаскелері мен жиын пункттерінде жұмыс істеу үшін іссапарларға жіберілген шақыру комиссиясының мүшелерінің, медициналық, техникалық қызметкерлердің, сондай-ақ қызмет көрсету персоналы адамдарының осы міндеттерді атқару уақытында жұмыс орны, атқаратын қызметі және жалақысы сақталады.

5 5. Егер аталған адамдардың өз міндеттерін атқаруы іссапарлармен байланысты болса, аудан әкімі аппараты олардың тұрғылықты жерінен жұмыс орнына баруға және қайтуға, тұрғын үй жалдауына жұмсаған шығыстарын, сондай-ақ іссапар шығыстарын өтеуді қамтамасыз етсін.

6 6. Селолық округ әкімдері өз округтері аймағында әскери шақыруға жататын барлық азаматтарды шақыру комиссиясына жеткізсін және автомобиль көлігін бөлуді қамтамасыз етсін.

7 7. Аудандық ішкі істер бөліміне (келісім бойынша):

1

1) әскерге қызметке шақырудан жалтарған тұлғаларды іздестіріп, тауып, шарасын алу, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жеткізілуін қамтамасыз ету, сондай-ақ аудандық және облыстық шақыру комиссияларына, әскер қатарына шақырылушыларды тасымалдау кезінде және аудандық шақыру пунктінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын;

2 2) шақырудан жалтарған тұлғаларды іздестіру және олардың нақты тұратын жерін анықтау жөнінде жедел топтар құру ұсынылсын.

8 8. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

9 9. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілді:
Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі
бөлімінің бастығы: А. Кенжегұлов
12.07.2011 жыл.
Аудандық ішкі істер бөлімінің
бастығы: С. Жапақов
12.07.2011 жыл.
Аудандық орталық аурухананың
бас дәрігері: С. Айдаралиев
12.07.2011 жыл.

12 Комиссия мүшелері

Аудан әкімдігінің
2011 жылғы 25 шілдедегі № 113
қаулысымен бекітілген қосымша
Аудандық әскерге шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ
Кенжегұлов Аманжол - Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің
бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);
Есмұханов Дидар - Ауданы әкімі аппаратының басшысы, комиссия
Жалғасбайұлы төрағасының орынбасары.
Комиссия мүшелері
Айдаралиев Сағытжан - Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері,
Жанғылышұлы медициналық комиссияның төрағасы (келісім
бойынша);
Әлекесов Нұрболат - Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығының
Дүйсенбайұлы орынбасары (келісім бойынша);
Кереева Баян - Аудандық орталық аурухананың медбикесі,
Жұмағалиқызы комиссия хатшысы (келісім бойынша)

Қолданыстағы