О перечне объектов коммунальной собственности города Риддера, подлежащих приватизации и ее предварительным стадиям в 2011 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О перечне объектов коммунальной собственности города Риддера, подлежащих приватизации и ее предварительным стадиям в 2011 году
- Атауы (қаз.)
- 2011 жылғы жекешелендіруге және оның алдын ала сатыларына жататын Риддер қаласы коммуналдық меншігі объектілерінің тізбесі туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1018
- Қабылданған күні
- 23.08.2011
- Көрсетілген редакция
- 07.05.2012 AI60624_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.05.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11VD000151
- ЭКБ идентификаторы
- 60624
- Редакция идентификаторы
- AI60624_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:44
0 2011 жылғы жекешелендіруге және оның алдын ала сатыларына жататын Риддер қаласы коммуналдық меншігі объектілерінің тізбесі туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 2)-тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабы 3)-тармақшасына сәйкес Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қосымшаға сәйкес 2011 жылғы жекешелендіруге және оның алдын ала сатыларына жататын Риддер қаласы коммуналдық меншігі объектілерінің ұсынылған тізбесі бекітілсін.
2 2. «Риддер қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Т. Зайцева) белгіленген заңнама тәртібінде осы қаулымен бекітілген объектілерді жекешелендіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С. Кагармановқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
5 Жекешелендіруге және оның алдын ала сатыларына жататын Риддер қаласы коммуналдық меншігі объектілерінің тізбесі
Қосымша
Риддер қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 23 тамыздағы № 1018
қаулысымен бекітілді
Жекешелендіруге және оның алдын ала сатыларына жататын Риддер
қаласы коммуналдық меншігі объектілерінің
тізбесі
№ р/с
Объектінің атауы
Объектінің орналасқан орны және баланс ұстаушысы
1
Ауданы 317,2 м2 бұрынғы асхана үйжайы
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ балансындағы, Риддер қаласы, Карагандинская көшесі, № 1
2
Ауданы 32,2 м2 қоса салынған үйжай
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ балансындағы, Риддер қаласы Қонаев көшесі, 48-48а
3
Ауданы 90,6 м2 жекелей тұрған ғимарат
Риддер қаласы, Поперечное ауылы, Центральная көшесі, № 2