Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об организации приписки в 2012 году к призывному участку граждан мужского пола 1995 года рождения, проживающие на территории Меркенского района

Өзге акт · № 1 · қабылданған 24.01.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-1995-ekb-63072/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об организации приписки в 2012 году к призывному участку граждан мужского пола 1995 года рождения, проживающие на территории Меркенского района Қолданыста 24.01.2012 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

Об организации приписки в 2012 году к призывному участку граждан мужского пола 1995 года рождения, проживающие на территории Меркенского района

Қолданыста Өзге акт № 1 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации приписки в 2012 году к призывному участку граждан мужского пола 1995 года рождения, проживающие на территории Меркенского района
Атауы (қаз.)
2012 жылы Меркі ауданының аумағында тұратын 1995 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1
Қабылданған күні
24.01.2012
Қолданысқа енгізілген күні
25.02.2012
Көрсетілген редакция
24.01.2012 AI63072_0.kaz
Соңғы өзгеріс
24.01.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12GF000102
ЭКБ идентификаторы
63072
Редакция идентификаторы
AI63072_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:16
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.01.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

2012 жылы Меркі ауданының аумағында тұратын 1995 жылы туылған еркек жынысты

азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 33 бабы 1 тармағының 13 тармақшасы негізінде, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабы 3 тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 36 бабына және «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 05 мамырдағы № 371 Қаулысына сәйкес ШЕШІМ ЕТТІ:

1. «Жамбыл облысы Меркі ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы К. Нұрдиновқа (келісім бойынша) шақыру учаскесінде 2012 жылдың қантар-наурыз айларында Меркі ауданың аумағында тұратын 1995 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды әскери есепке қою үшін тіркеу жүргізу ұсынылсын.

2. Ауылдық округ әкімдері, «Жамбыл облысы Меркі ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тіркеуге шақырылғаны туралы хабардар етіп, тіркеу жүргізу учаскесіне 1995 жылғы жасөспірімдерді тіркеуге келуін қамтамасыз етсін.

3. «Меркі ауданы әкімдігінің білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Жамбыл облысы Меркі ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесімен келісілген кесте бойынша ауданның білім беру мекемелерінде оқитын 1995 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне уақытылы және ұйымшылдықпен жіберуді қамтамасыз етсін.

4. «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Меркі аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері М.С. Жұманқұловқа ( келісім бойынша) шақыру учаскелеріне тіркелу кезінде әскери қызметке жарамдылық денгейін анықтау үшін «Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасын және Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қантардағы № 44 қаулысында айқындалған тәртіппен азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу ұсынылсын.

5. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі Жамбыл облысы Меркі ауданы ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы А.К. Жусуповқа (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру ұсынылсын.

6. Осы шешім орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Рысқұлбековке жүктелсін.

7. Осы шешім әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»

«Жамбыл облысы Меркі ауданының Қорғаныс

істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

бастығы

К. К. Нұрдинов

24 қантар 2012ж.

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер

министірлігі Жамбыл облысы

Меркі ауданы Ішкі істер бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің бастығы

А.К. Жусупов

24 қантар 2012ж.

«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық

сақтау басқармасының Меркі аудандық

орталық аурухана» шаруашылық жүргізу

құқығындағы Мемлекеттік Коммуналдық

кәсіпорынның бас дәрігері

М.С. Жұманқұлов

24 қантар 2012ж.