Құжат мәтініне өту

Об организации приписки в 2012 году к призывному участку граждан мужского пола 1995 года рождения, проживающие на территории Шуского района

Өзге акт · № 11 · қабылданған 30.12.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-1995-ekb-63135/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об организации приписки в 2012 году к призывному участку граждан мужского пола 1995 года рождения, проживающие на территории Шуского района Күшін жойған Өзге акт ·№ 11 ·30.12.2011
10.09.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.09.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации приписки в 2012 году к призывному участку граждан мужского пола 1995 года рождения, проживающие на территории Шуского района

Күшін жойған Өзге акт ·№ 11 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации приписки в 2012 году к призывному участку граждан мужского пола 1995 года рождения, проживающие на территории Шуского района
Атауы (қаз.)
2012 жылы Шу ауданының аумағында тұратын 1995 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
11
Қабылданған күні
30.12.2011
Қолданысқа енгізілген күні
15.02.2012
Көрсетілген редакция
10.09.2015 63135_255347.kaz
Соңғы өзгеріс
10.09.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11GK000118
ЭКБ идентификаторы
63135
Редакция идентификаторы
63135_255347
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:29

0 2012 жылы Шу ауданының аумағында тұратын 1995 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 - бабы 1 тармағының 13 тармақшасы негізінде, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 - бабы 3 тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 36 - бабына және «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1

1. «Жамбыл облысы Шу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Б.Жолдасқа (келісімі бойынша) шақыру учаскесінде 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында Шу ауданының аумағында тұратын 1995 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды әскери есепке қою үшін тіркеу жүргізу ұсынылсын.

2 2. Шу қаласының және ауылдық (селолық) округ әкімдері, «Жамбыл облысы Шу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тіркеуге шақырылғаны туралы хабардар етіп, тіркеу жүргізу учаскесіне 1995 жылғы жасөспірімдерді тіркеуге келуін қамтамасыз етсін.

3

3. «Шу ауданы әкімдігінің білім беру, денешынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Жамбыл облысы Шу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесімен келісілген кесте бойынша ауданның білім беру мекемелерінде оқитын 1995 жылғы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне уақтылы және ұйымшылдықпен жіберуді қамтамасыз етсін.

4

4. «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының Шу аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері А.Мұхатаевқа (келісім бойынша) шақыру учаскесінде тіркелу кезінде азаматтардың әскери қызметке жарамдылық деңгейін анықтау үшін «Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасын және әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қаңтардағы № 44 қаулысында айқындалған тәртіппен медициналық куәландырудан өткізу ұсынылсын.

5 5. «Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің Шу аудандық Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Е.Иманбаевқа (келісімі бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды өз құзіреті шегінде жүзеге асыру ұсынылсын.

6 6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.Ускумбаеваға жүктелсін.

7 7. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілді:
«Жамбыл облысы Шу ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Б.Жолдас
«29» желтоқсан 2011 жыл
«Жамбыл облысы Ішкі істер
департаментінің Шу аудандық
Ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Е.Иманбаев
«29» желтоқсан 2011 жыл
«Жамбыл облысы әкімдігінің
денсаулық сақтау басқармасының
Шу аудандық орталық ауруханасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорынның бас дәрігері
А.Мұхатаев
«29» желтоқсан 2011 жыл

Қолданыстағы