Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня работодателей, создающих рабочие места для прохождения молодежной практики в 2012 году в рамках Программы развития территории Шемонаихинского района на 2011-2015 годы

Қаулы · № 387 · қабылданған 20.02.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-2011-2015/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об утверждении перечня работодателей, создающих рабочие места для прохождения молодежной практики в 2012 году в рамках Программы развития территории Шемонаихинского района на 2011-2015 годы Күшін жойған Қаулы ·№ 387 ·20.02.2012
31.05.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.05.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня работодателей, создающих рабочие места для прохождения молодежной практики в 2012 году в рамках Программы развития территории Шемонаихинского района на 2011-2015 годы

Күшін жойған Қаулы ·№ 387 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня работодателей, создающих рабочие места для прохождения молодежной практики в 2012 году в рамках Программы развития территории Шемонаихинского района на 2011-2015 годы
Атауы (қаз.)
Шемонаиха ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде 2012 жылы жастар практикасынан өтуге арналған жұмыс орындарын ашатын жұмыс берушілер тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
387
Қабылданған күні
20.02.2012
Көрсетілген редакция
31.05.2012 AI63780_2.kaz
Соңғы өзгеріс
31.05.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12VS000167
ЭКБ идентификаторы
63780
Редакция идентификаторы
AI63780_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:01

0 Шемонаиха ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде 2012 жылы жастар практикасынан өтуге арналған жұмыс орындарын ашатын жұмыс берушілер тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы 13) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабы 5-7) тармақшасы, 18-2-бабына, Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 2-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының 5, 8-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысымен бекітілген жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасына, сәйкес Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ:

1 1. Шемонаиха ауданының аумақтарын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде 2012 жылы жастар практикасынан өтуге арналған жұмыс орындарын ашатын жұмыс берушілер тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. Жұмыс берушілерге жұмыскерлердің жекелеген санаттарына (кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге, көп балалы аналарға, мүгедектерге) толық емес жұмыс күнмен жұмыс істеуге мүмкіншілік беру, сондай-ақ жұмыс уақытын ұйымдастырудың икемді түрлерін қолдану ұсынылсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары В. И. Лонскийге жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Шемонаиха ауданының аумақтарын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде 2012 жылы жастар практикасынан өтуге арналған жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілер ТІЗБЕСІ

Шемонаиха ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 20 ақпандағы
№ 382 қаулысына
Шемонаиха ауданының аумақтарын дамытудың 2011-2015 жылдарға
арналған бағдарламасы шеңберінде 2012 жылы жастар практикасынан
өтуге арналған жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілер
ТІЗБЕСІ

Жұмыс берушінің атауы
Кәсіп (мамандық)
Ұйымдастырылатын жұмыс орындарының саны
Бір қатысушыға төленетін айлық еңбек ақы мөлшері
Айлар бойынша жастар тәжірибесінің ұзақтығы
1
«Шемонаиха ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
бухгалтер (экономист)
1
19 866
6
заңгер
1
19 866
6
2
«Шемонаиха ауданы бойынша Салық басқармасы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)
бухгалтер (экономист)
3
19 866
6
заңгер
3
19 866
6
3
«Шемонаиха ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)
заңгер
3
19 866
6
4
«Камышинское 2» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
мал дәрігері
2
19 866
6
бухгалтер (экономист)
3
19 866
6
5
«Шемонаиха ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
бухгалтер (экономист)
1
19 866
6
6
«АПТЕКА № 10» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
бухгалтер (экономист)
2
19 866
6
менеджер
2
19 866
6
бағдарламашы
2
19 866
6
7
«К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
бухгалтер (экономист)
2
19 866
6
8
«Мулюкина Н.П.» жеке кәсіпкер
аспаз
2
19 866
6
бухгалтер (экономист)
1
19 866
6
9
«Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компания» акционерлік қоғамы
техник-электрик
2
19 866
6
10
«ТехЭнерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестік
тракторшы-машинист
2
19 866
6
автокраншы
1
19 866
6
11
«Таранова» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
аспаз
2
19 866
6
12
«Триумф Агро» ауылдық тұтыну кооперативі
бухгалтер
2
19 866
6
слесарь
4
19 866
6
13
Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің «Шығыс Қазақстан облысы бойынша Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Шемонаиха филиалы (келісім бойынша)
бағалаушы
5
19 866
6
Жиыны
20
Ескерту: Жастар тәжірибесіне қатысушыларға төленетін айлық еңбек ақы мөлшері жоғары радиациялық қатер аймағында тұрғандығы үшін қосымша төлеммен 2012 жылға бекітілген ең төменгі еңбек ақы мөлшерінде белгіленді.
«Шемонаиха ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» ММ бастығы                         Г. Бабаева

Қолданыстағы