Құжат мәтініне өту

Об установлении единых ставок фиксированного налога по Панфиловскому району на 2012-2013 года

Өзге акт · № 4-54-337 · қабылданған 08.12.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-2013-ekb-62130/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об установлении единых ставок фиксированного налога по Панфиловскому району на 2012-2013 года Күшін жойған Өзге акт ·№ 4-54-337 ·08.12.2011
05.12.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.12.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении единых ставок фиксированного налога по Панфиловскому району на 2012-2013 года

Күшін жойған Өзге акт ·№ 4-54-337 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении единых ставок фиксированного налога по Панфиловскому району на 2012-2013 года
Атауы (қаз.)
Панфилов ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкаларын 2012-2013 жылдарға белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
4-54-337
Қабылданған күні
08.12.2011
Көрсетілген редакция
05.12.2013 AI62130_2.kaz
Соңғы өзгеріс
05.12.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11DP000144
ЭКБ идентификаторы
62130
Редакция идентификаторы
AI62130_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:54

0 Панфилов ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкаларын 2012-2013 жылдарға белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 422-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Панфилов ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкалары 2012-2013 жылдарға қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2

2. Панфилов аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы "Панфилов ауданы аумағындағы бірыңғай тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" N 4-25-167 шешімінің (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылғы 28 қаңтарда N 2-16-100 нөмірмен тіркелген, "Жаркент өңірі" газетінің 2010 жылғы 06 ақпандағы 11 нөмірінде жарияланған) күші жойылсын.

3 3. Осы шешімнің орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары Молдахметов Батыр Қайыркенұлына және аудандық мәслихаттың бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4 4. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Панфилов ауданы бойынша
салық басқармасының
бастығы                                    Бекмұхамбет Оразтай Нұратайұлы
08 желтоқсан 2011 жыл

5 Панфилов аудандық мәслихатының

2011 жылғы 8 желтоқсандағы
"Панфилов ауданы бойынша
бірыңғай тіркелген салық
ставкаларын 2012-2013 жылдарға
белгілеу туралы"
N 4-54-337 шешіміне қосымша
Панфилов ауданы бойынша 2012-2013 жылдарға арналған бірыңғай
тіркелген салық ставкаларының мөлшері
Рет
N
Салық салу объектісінің атауы
Панфилов ауданы бойынша айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)
1
2
3
1.
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы
5
2.
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
6
3.
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер
2
4.
Ойын жолы
45
5.
Карт
8
6.
Бильярд үстелі
8

Қолданыстағы