Об установлении единых ставок фиксированного налога по Илийскому району на 2012-2013 годы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении единых ставок фиксированного налога по Илийскому району на 2012-2013 годы
- Атауы (қаз.)
- Іле ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкаларын 2012-2013 жылдарға белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 6-24
- Қабылданған күні
- 18.04.2012
- Көрсетілген редакция
- 07.11.2013 65546_187036.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.11.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12DJ000158
- ЭКБ идентификаторы
- 65546
- Редакция идентификаторы
- 65546_187036
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:26
0 Іле ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкаларын 2012-2013 жылдарға белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 422 бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15)-тармақшасына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Іле ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкалары 2012-2013 жылдарға қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2
2. Іле аудандық мәслихатының 2011 жылғы 15 сәуірдегі "Салық төлеушілер үшін 2011 жылға арналған бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" N 46-191 шешімінің (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне 2011 жылы 25 сәуірде N 2-10-142 нөмірімен тіркелген, "Іле таңы" газетінің 2011 жылғы 08 мамырдағы 21 нөмірінде жарияланған) күші жойылсын.
3 3. Осы шешімнің орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары Файль Виктор Александровичке және аудандық мәслихаттың бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, көлік, құрылыс, байланыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Іле ауданы бойынша
Салық басқармасының
бастығы
Белесбаев Серік Дәулетұлы
18 сәуір 2012 жыл
5 Іле аудандық мәслихатының
2012 жылғы 18 сәуірдегі
"Іле ауданы бойынша
бірыңғай тіркелген салық
ставкаларын 2012-2013
жылдарға белгілеу туралы"
N 6-24 шешіміне
қосымша
Іле ауданы бойынша 2012-2013 жылдарға арналған бірыңғай тіркелген салық ставкаларының мөлшері
Рет
N
Салық салу объектісінің
атауы
Іле ауданы бойынша айына салық
салу бірлігіне тіркелген
салықтың базалық ставкаларының
мөлшері (айлық есептік
көрсеткіш көрсеткіш)
1
Бір ойыншымен ойын
өткізуге арналған,
ұтыссыз ойын автоматы
6
2
Біреуден артық
ойыншылардың қатысуымен
ойын өткізуге арналған
ұтыссыз ойын автоматы
10
3
Ойын өткізу үшін
пайдаланатын дербес
компьютер
2
4
Ойын жолы
(боулинг)
25
5
Карт
6
6
Бильярд үстелі
10