Құжат мәтініне өту

О размещении государственного образовательного заказа на подготовку специалистов с техническим и профессиональным образованием в организациях образования в области здравоохранения, финансируемых из республиканского бюджета на 2012-2013 учебный год

Бұйрық · № 462 · қабылданған 09.07.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 01.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-2013-ekb-66679/on/2026-09-01/
Басып шығарылды 2026-09-01 · adilet.kz
О размещении государственного образовательного заказа на подготовку специалистов с техническим и профессиональным образованием в организациях образования в области здравоохранения, финансируемых из республиканского бюджета на 2012-2013 учебный год Қолданыста Бұйрық ·№ 462 ·09.07.2012
09.07.2012 редакциясы
01.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.07.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О размещении государственного образовательного заказа на подготовку специалистов с техническим и профессиональным образованием в организациях образования в области здравоохранения, финансируемых из республиканского бюджета на 2012-2013 учебный год

Қолданыста Бұйрық ·№ 462 · 01.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О размещении государственного образовательного заказа на подготовку специалистов с техническим и профессиональным образованием в организациях образования в области здравоохранения, финансируемых из республиканского бюджета на 2012-2013 учебный год
Атауы (қаз.)
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2012-2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
462
Қабылданған күні
09.07.2012
Көрсетілген редакция
09.07.2012 AI66679_0.kaz
Соңғы өзгеріс
09.07.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007799
ЭКБ идентификаторы
66679
Редакция идентификаторы
AI66679_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:50

0 Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2012-2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 7-бабының 1-тармағының 15) тармақшасын іске асыру мақсатында, «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарында мамандар даярлауды қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2012/2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 мамырдағы № 640 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлаудың 2011-2012 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (М.Қ. Телеуов):

1 1) осы бұйрықты осы бұйрыққа қосымшада қаралған денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына жеткізсін, және олармен шарт жасасуды қамтамасыз етсін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономика және қаржы департаменті (Г.Р. Сүйінтаева) осы бұйрыққа қосымшада қаралған денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарын жасалған шарттар негізінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

4

4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң және мемлекеттік сатып алу департаменті (Е.Р. Әмірғалиев) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.

6 6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2012-2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2012 жылғы 9 шілдедегі
№ 462 бұйрығына
қосымша
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2012-2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру
Р/с №
Ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры
Бө­лін­ген орын­дар­дың са­ны
Ма­ман­дық­тың ата­уы
Ма­ман­дық бой­ын­ша бө­лін­ген орын­дар­дың са­ны
1
2
3
4
5
1.
Рес­пуб­ли­ка­лық ор­та ме­ди­ци­на және фар­ма­цев­ти­ка қыз­мет­кер­ле­рін да­яр­лау және қай­та да­яр­лау кол­ледж
275, оның ішін­де 125 қа­зақ және 150 орыс тіл­де­рін­де бі­лім алушы­лар
Ем­деу ісі
50 қа­зақ және 38 орыс тіл­де­рін­де бі­лім алушы­лар, оның ішін­де 10 - Ауған­стан­нан кел­ген тың­да­у­шы­лар
Ор­то­пе­ди­я­лық сто­ма­то­ло­гия
25 орыс ті­лін­де бі­лім алушы­лар, оның ішін­де 8 Ауған­стан­нан кел­ген тың­да­у­шы­лар
Мей­ір­би­ке ісі
25 қа­зақ және 37 орыс тіл­де­рін­де бі­лім алушы­лар, оның ішін­де «Мас­саж» бі­лік­ті­лі­гі бой­ын­ша мей­ір­би­ке ісі 16
Зерт­ха­на­лық ди­а­гно­сти­ка
25 қа­зақ және 50 орыс тіл­де­рін­де бі­лім алушы­лар
Ги­ги­е­на және эпи­де­мио­ло­гия
25 қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар
2.
С.Ж. Асфен­ди­я­ров атын­да­ғы Қа­зақ ұлт­тық ме­ди­ци­на уни­вер­си­те­ті
20
Мей­ір­би­ке ісі Ауған­стан­нан кел­ген тың­да­у­шы­лар
20 - дай­ын­дық бө­лі­мі
3.
Қа­ра­ған­ды мем­ле­кет­тік ме­ди­ци­на уни­вер­си­те­ті
75, оның ішін­де 50 қа­зақ және 25 орыс тіл­де­рін­де бі­лім алушы­лар
Мей­ір­би­ке ісі
25 қа­зақ және 25 орыс тіл­де­рін­де бі­лім алушы­лар
Ем­деу ісі
25 қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар
4.
Ма­рат Оспа­нов атын­да­ғы Ба­тыс Қа­зақ­стан мем­ле­кет­тік ме­ди­ци­на уни­вер­си­те­ті
50, оның ішін­де 25 қа­зақ және 25 орыс тіл­де­рін­де бі­лім алушы­лар
Мей­ір­би­ке ісі
25 қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар
Сто­ма­то­ло­ги­я­лық ор­то­пе­дия
25 орыс ті­лін­де бі­лім алушы­лар
5.
Оң­тү­стік Қа­зақ­стан мем­ле­кет­тік фар­ма­цев­ти­ка ака­де­ми­я­сы
75, оның ішін­де 50 қа­зақ және 25 орыс тіл­де­рін­де бі­лім алушы­лар
Ем­деу ісі
25 қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар
Мей­ір­би­ке ісі
25 қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар
Фар­ма­ция
25 орыс ті­лін­де бі­лім алушы­лар
6.
«Эми­ли» ме­ди­ци­на­лық ор­та­лы­ғы
25 қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар
Мей­ір­би­ке ісі
25 қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар

Қолданыстағы