О размещении государственного образовательного заказа на подготовку специалистов с высшим медицинским и фармацевтическим образованием в республиканских государственных предприятиях на праве хозяйственного ведения "Казахский национальный медицинский университет имени С.Д. Асфендиярова" и "Южно-Казахстанская государственная фармацевтическа академия», в акционерном обществе "Медицинский университет Астана", финансируемых из республиканского бюджета на 2012-2013 учебный год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О размещении государственного образовательного заказа на подготовку специалистов с высшим медицинским и фармацевтическим образованием в республиканских государственных предприятиях на праве хозяйственного ведения "Казахский национальный медицинский университет имени С.Д. Асфендиярова" и "Южно-Казахстанская государственная фармацевтическа академия», в акционерном обществе "Медицинский университет Астана", финансируемых из республиканского бюджета на 2012-2013 учебный год
- Атауы (қаз.)
- Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын "С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті", "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарында, "Астана медицина университеті" акционерлік қоғамында жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2012-2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 463
- Қабылданған күні
- 09.07.2012
- Көрсетілген редакция
- 09.07.2012 AI66680_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.07.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1200007800
- ЭКБ идентификаторы
- 66680
- Редакция идентификаторы
- AI66680_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:50
0
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын "С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті", "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарында, "Астана медицина университеті" акционерлік қоғамында жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2012-2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 7-бабының 1-тармағының 15) тармақшасын іске асыру мақсатында, «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарында мамандар даярлауды қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2012/2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 мамырдағы № 640 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» мен «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарында, «Астана медицина университеті» акционерлік қоғамында жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2012-2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (М.Қ. Телеуов):
1 1) осы бұйрықты осы бұйрыққа қосымшада қаралған денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына жеткізсін, және олармен шарт жасасуды қамтамасыз етсін;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономика және қаржы департаменті (Г.Р. Сүйінтаева) осы бұйрыққа қосымшада қаралған денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарын жасалған шарттар негізінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
4
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі және мемлекеттік сатып алу департаменті (Е.Р. Әмірғалиев) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
6 6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» мен «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарында, «Астана медицина университеті» акционерлік қоғамында жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2012-2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастыру
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2012 жылғы 9 шілдедегі
№ 463 бұйрығына
қосымша
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» мен «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарында, «Астана медицина университеті» акционерлік қоғамында жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2012-2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастыру
Р/с №
Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары
Бөлінген орындардың саны
Мамандықтың атауы
Мамандық бойынша бөлінген орындардың саны
1
2
3
4
5
1.
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
1000, оның ішінде 630 қазақ тілінде білім алушылар
Жалпы медицина
700, оның ішінде 455 қазақ тілінде білім алушылар
Стоматология
50, оның ішінде 30 қазақ тілінде білім алушылар
Мейірбике ісі
40, оның ішінде 25 қазақ тілінде білім алушылар
Қоғамдық денсаулық сақтау
60, оның ішінде 35 қазақ тілінде білім алушылар
Фармация
90, оның ішінде 50 қазақ тілінде білім алушылар
Медициналық-профилактикалық іс
60, оның ішінде 35 қазақ тілінде білім алушылар
2.
«Астана медицина университеті» акционерлік қоғамы
800, оның ішінде 482 қазақ тілінде оқитындар
Жалпы медицина
570, оның ішінде 345 қазақ тілінде білім алушылар
Стоматология
25, оның ішінде 15 қазақ тілінде білім алушылар
Мейірбике ісі
20, оның ішінде 12 қазақ тілінде білім алушылар
Қоғамдық денсаулық сақтау
145, оның ішінде, 85 қазақ тілінде білім алушылар
Медициналық-профилактикалық іс
25, оның ішінде 15 қазақ тілінде білім алушылар
Фармация
15, оның ішінде 10 қазақ тілінде білім алушылар
3.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы
500, оның ішінде 350 қазақ тілінде білім алушылар
Фармация
120, оның ішінде 80 қазақ тілінде білім алушылар
Мейірбике ісі
90, оның ішінде 65 қазақ тілінде білім алушылар
Қоғамдық денсаулық сақтау
250, оның ішінде, 180 қазақ тілінде білім алушылар
Медициналық-профилактикалық іс
40, оның ішінде 25 қазақ тілінде білім алушылар