Құжат мәтініне өту

О начале 2012-2013 учебного года в организациях общего среднего образования Республики Казахстан

Бұйрық · № 336 · қабылданған 16.07.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 01.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-2013-ekb-66886/on/2026-09-01/
Басып шығарылды 2026-09-01 · adilet.kz
О начале 2012-2013 учебного года в организациях общего среднего образования Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 336 ·16.07.2012
16.07.2012 редакциясы
01.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.07.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О начале 2012-2013 учебного года в организациях общего среднего образования Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 336 · 01.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О начале 2012-2013 учебного года в организациях общего среднего образования Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында 2012-2013 оқу жылының басталуы туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
336
Қабылданған күні
16.07.2012
Көрсетілген редакция
16.07.2012 AI66886_0.kaz
Соңғы өзгеріс
16.07.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007815
ЭКБ идентификаторы
66886
Редакция идентификаторы
AI66886_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:48

0 Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында 2012-2013 оқу жылының басталуы туралы

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жалпы орта білім беру ұйымдарында 2012-2013 оқу жылының басталу мерзімі 2012 жылғы 1 қыркүйек болып анықталсын.

Оқу жылының ұзақтығы мектепалды дайындық сыныптарында - 32 оқу аптасын, бірінші сыныптарда - 33 оқу аптасын, 2-11 (12)- сыныптарда - 34 оқу аптасын құрайды. Оқу жылы барысында каникулдар:

1 1) 1-11 (12) - сыныптарда: күзгі каникул - 8 күн (2012 жылғы 5-12 қарашаны қоса алғанда), қысқы - 10 күн (2012 жылғы 30 желтоқсан - 2013 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі - 12 күн (2013 жылғы 21 наурыз - 1 сәуірді қоса алғанда);

2 2) мектепалды даярлық сыныптарында: күзгі каникул - 8 күн (2012 жылғы 5 - 12 қарашаны қоса алғанда), қысқы - 14 күн (2012 жылғы 28 желтоқсан - 2013 жылғы 10 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі - 15 күн (2013 жылғы 21 наурыз - 4 сәуірді қоса алғанда);

3 3) мектепалды даярлық сыныптары мен бірінші сыныптарда: қосымша каникул - 7 күн (2013 жылғы 2-8 ақпанды қоса алғанда) мерзімінде белгіленеді.

2 2. 2012 жылғы 1 қыркүйекте барлық жалпы орта білім беру ұйымдарында «Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш» тақырыбында сабақ өткізілсін.

3 3. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева):

1 1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Н. Сарыбековке жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы