Құжат мәтініне өту

О мерах по организации социальных рабочих мест на 2012 год в рамках Программы занятости 2020

Қаулы · № 4/1 · қабылданған 26.01.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-2020-ekb-63489/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О мерах по организации социальных рабочих мест на 2012 год в рамках Программы занятости 2020 Күшін жойған Қаулы ·№ 4/1 ·26.01.2012
18.07.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.07.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О мерах по организации социальных рабочих мест на 2012 год в рамках Программы занятости 2020

Күшін жойған Қаулы ·№ 4/1 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О мерах по организации социальных рабочих мест на 2012 год в рамках Программы занятости 2020
Атауы (қаз.)
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде 2012 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
4/1
Қабылданған күні
26.01.2012
Көрсетілген редакция
18.07.2013 63489_170150.kaz
Соңғы өзгеріс
18.07.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12KC000133
ЭКБ идентификаторы
63489
Редакция идентификаторы
63489_170150
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:15

0 Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде 2012 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы

Нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7, 18-1-баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы N 316 "Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы" қаулысын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 тамыздағы N 972 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" қаулысын орындау үшін Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Теміртау қаласы әкімдігінің "Теміртау қаласының жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі және "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде тіркелген, нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды уақытша жұмыспен қамту үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру жұмыстарын ұйымдастырсын.

2 2. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2012.07.05 N 26/1 (бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) қаулысымен.

3

3. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру шараларын қаржыландыру 002 "Жұмыспен қамту бағдарламасы" бағдарламасының 104 "Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасына қатысушыларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету" бағдарламашасында және 102 "Халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар" бағдарламашасында қарастырылған қаражаттар есебінен жүргізілсін.

4 4. Республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жұмыссыз азаматтардың жалақысын төлеу келесі шарттарда белгіленсін:

алғашқы алты айда - жалақының 50% немесе 26000 теңге;
екінші үш айда - жалақының 30% немесе 15600 теңге;
соңғы үш айда - жалақының 15% немесе 7800 теңге.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Юрий Викторович Жулинге жүктелсін.

6 6. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

7 Теміртау қаласы әкімдігінің

2012 жылғы 26 қаңтардағы
N 4/1 қаулысына қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілердің тізімі
N
Кәсіпорын атауы
Мамандық
Әлеуметтік жұмыс орындарының саны
Айлық жалақы мөлшері (теңге)
Жұмыстың ұзақтығы (ай)
Республикалық және қалалық бюджет қаражаты есебінен өтелетін айлық жалақының мөлшері (теңге)
1
"Азия Стил" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
электрмен дәнекерлеуші,
темір бетон және металл құрылымдарын құрастырушы
1
1
52 000
52 000
12
12
алғашқы 6 айда – 26000,
екінші 3 айда – 15600,
соңғы 3 айда - 7800
2
"Магистраль-2010" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
газбен және электрмен дәнекерлеуші,
қалаушы,
қарауыл,
әр түрлі жұмыс жасайтын жұмысшы
1
1
1
1
52 000
52 000
52 000
52 000
12
12
12
12
алғашқы 6 айда – 26000
екінші 3 айда – 15600,
соңғы 3 айда - 7800
3
"Ескандер" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
жол жұмысшысы
4
52 000
12
алғашқы 6 айда – 26000,
екінші 3 айда – 15600,
соңғы 3 айда - 7800
4
"Мартенстрой" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
бетоншы,
құрастырушы,
сырлаушы-сылақшы,
әр түрлі жұмыс жасайтын жұмысшы
1
1
1
1
52 000
52 000
52 000
52 000
6
6
6
6
алғашқы 3 айда – 15600,
екінші 3 айда – 7800
5
"Копылов С.В." жеке кәсіпкері
кеңсе-менеджері,
"В" санатының жүргізушісі
1
52 000
52 000
6
6
алғашқы 3 айда – 15600
екінші 3 айда – 7800
6
"Бриг Альянс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
әр-түрлі жұмыс жасайтын жұмысшы
10
17439
6
8720
7
"Плохих" жеке кәсіпкер
бармен,
даяршы
3
17 439
17 439
6
8720
8
"Барс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
менеджер
4
17 439
6
8720
9
"Восток-1" ПМК
аула сыпырушы,
слесарь-сантехник
2
1
17 439
6
8720
10
"Ли" жеке кәсіпкер
бармен,
даяршы
1
2
17 439
6
8720

Қолданыстағы