Об утверждении регламента государственной услуги "Предоставление микрокредитов в рамках программы "Развитие моногородов на 2012-2020 годы"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении регламента государственной услуги "Предоставление микрокредитов в рамках программы "Развитие моногородов на 2012-2020 годы"
- Атауы (қаз.)
- "Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы" шеңберiнде микрокредиттер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 52/05
- Қабылданған күні
- 29.09.2014
- Көрсетілген редакция
- 05.05.2016 83791_87665.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14K0002803
- ЭКБ идентификаторы
- 83791
- Редакция идентификаторы
- 83791_87665
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:26
0 "Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы" шеңберiнде микрокредиттер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 434 «Кәсіпкерлік қызметті қолдау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1.
Қоса беріліп отырған «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде микрокредиттер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2 2.
Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
4 Қарағанды облысы әкімдігінің
2014 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 52/05 қаулысымен бекітілді
«Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде микрокредиттер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1 1.
«Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде микрокредиттер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері көрсетеді (бұдан әрі - көрсетілетін қызмет беруші).
Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде жүзеге асырылады.
2 2.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нысаны – қағаз түрінде.
3 3.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетудің нәтижесі әлеуметтік шарт болып табылады.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4 4.
Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсiмдi (iс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызмет алушының Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 434 «Кәсіпкерлік қызметті қолдау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде микрокредиттер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9 тармағына сәйкес кұжаттар топтамасын ұсыну негіздеме болып табылады (немесе оның сенімхат хат бойынша өкілі).
5 5.
Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісінің құрамына кiретiн рәсiмдердің (iс-қимылдардың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
1-іс-қимыл – көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі көрсетілетін қызмет алушының құжаттар топтамасын қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Орындалу ұзақтығы - 20 (жиырма) минуттан аспайды;
2-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы орындаушыны белгілейді және тапсырма береді. Орындалу ұзақтығы - 20 (жиырма) минуттан аспайды;
3-іс-қимыл – көрсетілетін қызмет берушінің орындаушысы көрсетілетін қызмет алушының құжаттар топтамасын тексеріп жергілікті деңгейде бағдарламаның үйлестірушінің (бұдан әрі – Үйлестіруші) және шағын қаржылық (шағын несиелік) ұйымының (бұдан әрі - ШҚҰ) немесе несиелік серіктестіктің қорытындысын алдын-ала алып көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін жасайды. Орындалу ұзақтығы – 14 (он төрт) күнтізбелік күннен аспайды;
4-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесіне қол қояды. Орындалу ұзақтығы – 20 (жиырма) минуттан аспайды;
5-іс-қимыл – көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін береді. Орындалу ұзақтығы – 20 (жиырма) минуттан аспайды.
Көрсетілетін қызмет берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде.
Осы регламенттің 5 тармағында көрсетілген 1-іс-қимыл бойынша көрсетілетін мемлекеттiк қызмет рәсiмінің нәтижесi көрсетілетін қызмет алушының құжаттар топтамасын тіркеу болып табылады, ол осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 2-іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады.
Осы регламенттің 5 тармағында көрсетілген 2 іс-қимыл бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет рәсімінің нәтижесі көрсетілетін қызмет берушінің орындаушысына тапсырма беру болып табылады.
Осы регламенттің 5 тармағында көрсетілген 3 іс-қимыл бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет рәсімінің нәтижесі мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесінің жобасы болып табылады.
Осы регламенттің 5 тармағында көрсетілген 4 іс-қимыл бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет рәсімінің нәтижесі басшының қолы қойылған көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.
Осы регламенттің 5 тармағында көрсетілген 5 іс-қимыл бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет рәсімінің нәтижесі көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру болып табылады.
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6 6.
Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімінің тізбесі:
1 1)
қызмет берушінің кеңсесі;
2 2)
қызмет берушінің басшысы;
3 3)
қызмет берушінің орындаушысы.
7 7.
Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) сипаттамасы:
1 1) көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдайды және тіркейді. Орындалу ұзақтығы - 20 (жиырма) минуттан аспайды;
2 2) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы құжаттарды қарастырады және орындаушыға тапсырма береді. Орындалу ұзақтығы - 20 (жиырма) минуттан аспайды;
3 3) көрсетілетін қызмет берушінің орындаушысы Үйлестірушінің және ШҚҰ немесе несиелік серіктестіктің қорытындысын алдын-ала алып көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін жасайды. Орындалу ұзақтығы – 14 (он төрт) күнтізбелік күннен аспайды;
4 4)
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесіне қол қояды. Орындалу ұзақтығы – 20 (жиырма) минуттан аспайды;
5 5)
көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін береді. Орындалу ұзақтығы – 20 (жиырма) минуттан аспайды.
Рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) реттiлiгiн сипаттау осы Регламенттің 1 қосымшасына сәйкес, әрбiр рәсiмді (iс-қимылды) өту блок-сызбасында көрсетілген.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы Регламенттің 2 қосымшасында көрсетілген.
4 4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай – ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
8 8.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы және мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді қолдану ескерілмеген.
25 «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған
бағдарламасы» шеңберінде микрокредиттер беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1 қосымша
Әрбiр рәсiмді (iс-қимылды) өту блок-сызбасы
26 «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған
бағдарламасы» шеңберінде микрокредиттер беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне
2 қосымша
«Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде микрокредиттер беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы