Об утверждении регламента государственной услуги "Предоставление микрокредитов в рамках программы "Развитие моногородов на 2012-2020 годы"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении регламента государственной услуги "Предоставление микрокредитов в рамках программы "Развитие моногородов на 2012-2020 годы"
- Атауы (қаз.)
- "Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде микрокредиттер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 287
- Қабылданған күні
- 11.11.2014
- Көрсетілген редакция
- 29.09.2015 85027_273773.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.09.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14Z0003711
- ЭКБ идентификаторы
- 85027
- Редакция идентификаторы
- 85027_273773
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:00
0 "Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде микрокредиттер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1.
Қоса беріліп отырған «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде микрокредиттер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2 2.
«Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі (К. Е. Сәдбеков) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3.
Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б. М. Мәкенге жүктелсін.
4 4.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 2014 жылғы 11 қарашада № 287
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген
«Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде микрокредиттер беру» мемлекеттік қызмет регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1 1.
«Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде микрокредиттер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 434 «Кәсіпкерлік қызметті қолдау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде микрокредиттер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде көрсетіледі (бұдан әрі – стандарт).
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
2 2.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
3 3.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі әлеуметтік шарт немесе бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау
4 4.
Мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің (іс-қимылының) басталуына стандарттың 9-тармағымен көзделген құжаттарды ұсыну негіз болып табылады.
5 5.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімінің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1 1)
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды (20 (жиырма) минут ішінде).
Нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің басшысына құжаттарды жолдау;
2 2)
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және 2 (екі) күнтізбелік күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды.
Нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына құжаттарды жолдау;
3 3)
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды қарайды, мемлекеттік қолдау алу түрлері бойынша үміткерлер тізімдерін, бизнес-ұсыныстардың тізбесін жасақтайды және 10 (он) күнтізбелік күн ішінде «Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жолдайды.
Нәтижесі - «Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіне құжаттарды жолдау;
4 4)
«Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі қорытынды береді және 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды.
Нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына құжаттарды жолдау;
5 5)
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 20 (жиырма) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға микрокредитті алу туралы нәтижені ұсынады.
Нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметтін нәтижесін беру.
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6 6.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізімі:
1 1)
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2 2)
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3 3)
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
4 4)
«Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
7 7.
Әр рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде микрокредиттер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің (бұдан әрі – Регламент) 1-қосымшасына сәйкес өту блок-схемасымен сүйемелденеді.
8 8.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдары) мен өзара іс-қимылдары реттілігінің толық сипаттамасы осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
9 9.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану стандарттың 3–бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.
27 «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде микрокредиттер беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша
Әр рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимыл) реттілігін сипаттау блок-схемасы
28 «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде микрокредиттер беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша
«Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы»
шеңберінде микрокредиттер беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің
бизнес-процестерінің анықтамалығы