Об организации и обеспечении приписки граждан к призывным участкам Жанибекского района в январе-марте 2012 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации и обеспечении приписки граждан к призывным участкам Жанибекского района в январе-марте 2012 года
- Атауы (қаз.)
- Жәнібек ауданында 2012 жылдың қаңтар-наурызда азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 26
- Қабылданған күні
- 22.11.2011
- Көрсетілген редакция
- 04.04.2012 61960_199140.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.04.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11ZF000133
- ЭКБ идентификаторы
- 61960
- Редакция идентификаторы
- 61960_199140
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:05
0 Жәнібек ауданында 2012 жылдың қаңтар-наурызда азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1
1. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) Жәнібек ауданында 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтардың шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын.
2 2. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Жәнібек аудандық орталық ауруханаcы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) шақыру учаскелеріне тіркелуге жататын азаматтарды медициналық тексеруден (емделуге) өткізу жөнінде шаралар алу ұсынылсын.
3 3. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі шақыру учаскелеріне тіркеу жұмыстарын ұйымдастыруға техникалық қызметкерлердің қажетті санын қамтамасыз етсін.
4 4. Аталған шараларға байланысты шығын жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен өтелсін.
5 5. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
6 6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. А. Есенғалиевке жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ:
"Батыс Қазақстан облысы
Жәнібек ауданның қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_____________А. Т. Мағзомов
22.11.2011 ж.
Батыс Қазақстан облысының
әкімдігі денсаулық сақтау
басқармасының "Жәнібек
аудандық орталық ауруханаcы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының
директоры
_____________Т. Қ. Мұсағалиев
22.11.2011 ж.