О проведении приписки граждан мужского пола, которым в год приписки исполняется семнадцать лет, к призывному участку отдела по делам обороны Катон-Карагайского района в 2012 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О проведении приписки граждан мужского пола, которым в год приписки исполняется семнадцать лет, к призывному участку отдела по делам обороны Катон-Карагайского района в 2012 году
- Атауы (қаз.)
- Катонқарағай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды 2012 жылы тіркеуді өткізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 19
- Қабылданған күні
- 06.12.2011
- Көрсетілген редакция
- 12.03.2012 AI62099_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.03.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11VM000102
- ЭКБ идентификаторы
- 62099
- Редакция идентификаторы
- AI62099_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:57
0 Катонқарағай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды 2012 жылы тіркеуді өткізу туралы
«Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 17-бабының 1, 2 тармақтарына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес ШЕШЕМІН:
1 1. Катонқарағай ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмiнiң шақыру учаскесiне тiркеуге алынатын жылы он жетi жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында тiркеуге алуы жүргiзiлсiн.
2 2. «Катонқарағай ауданының № 1 медициналық бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры Д.Қ. Молдажановқа ұсынылсын:
1 1) азаматтарды медициналық куәландырудан өткiзу үшiн қажетті мөлшерде дәрiгер мамандарды және орта буын медициналық қызметкерлерді бөлу;
2 2) азаматтардың кеуде мүшелерiн флюорографиялық тексеру, кардиологиялық және басқа тексеру түрлерiнiң қабылдануын ұйымдастыру;
3 3) шақыруға дейiнгiлерді тексеру және емдеудi қамтамасыз ету.
3 3. Ауылдық округтердiң әкiмдерi, мемлекеттiк бiлiм мекемелерiнiң басшылары ауданның қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмiнің шақыру учаскесіне тіркелуге жататын әскер жасына дейінгілерді шақырылғаны туралы хабардар етуді және олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
4
4. Катонқарағай ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы Т.С. Қолдыбаевқа медициналық комиссия жұмысы кезеңiнде шақыру учаскесiнде қоғамдық тәртiптi сақтауды қамтамасыз ету, қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмнің хабарландыруы бойынша тiркеуден бас тартқан азаматтарды iздестiру және шақыру учаскесiне жеткiзуге жәрдемдесу ұсынылсын.
5 5. Катонқарағай ауданының бiлiм беру, спорт және дене шынықтыру бөлiмiнің бастығы Л.Ж. Тоқсанова ауданның қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмiнің бастығы А.Д. Қаңтарбаевқа (келісім бойынша) тiркеуге алу кезiнде әскери-оқу орындарына түсу үшін үміткерлерді іріктеуге қолдау көрсетсін.
6 6. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Р.Т. Құрмамбаевқа жүктелсiн.
7 7. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Келiсiлдi:
Катонқарағай ауданының
қорғаныс iстерi жөнiндегi
бөлiмiнiң бастығы А.Д. Қаңтарбаев
2011 ж. 06 желтоқсан
Катонқарағай ауданының iшкі
iстер бөлiмiнiң бастығы Т.С. Қолдыбаев
2011 ж. 06 желтоқсан
«Катонқарағай ауданының
№ 1 медициналық бірлестігі»
КМҚК директоры Д.Қ. Молдажанов
2011 ж. 06 желтоқсан