Құжат мәтініне өту

Об определении целевых групп населения в Аулиекольском районе на 2012 год

Қаулы · № 403 · қабылданған 25.11.2011
Заңдық күші: Қолданыста · 31.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-ekb-62156/on/2026-08-31/
Басып шығарылды 2026-08-31 · adilet.kz
Об определении целевых групп населения в Аулиекольском районе на 2012 год Қолданыста Қаулы ·№ 403 ·25.11.2011
11.05.2012 редакциясы
31.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.05.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении целевых групп населения в Аулиекольском районе на 2012 год

Қолданыста Қаулы ·№ 403 · 31.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении целевых групп населения в Аулиекольском районе на 2012 год
Атауы (қаз.)
Әулиекөл ауданында 2012 жылға арналған тұрғындардың нысаналы топтарын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
403
Қабылданған күні
25.11.2011
Көрсетілген редакция
11.05.2012 62156_168252.kaz
Соңғы өзгеріс
11.05.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11NG000148
ЭКБ идентификаторы
62156
Редакция идентификаторы
62156_168252
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:03

0 Әулиекөл ауданында 2012 жылға арналған тұрғындардың нысаналы топтарын белгілеу туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5,  7-баптарына сәйкес, Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қосымшаға сәйкес, Әулиекөл ауданында 2012 жылға арналған жұмыспен қамтуға ықпал жасау үшін тұрғындардың нысаналы топтары белгіленсін.

2 2. "Әулиекөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі тұрғындардың нысаналы топтарына кіретін тұлғалардың жұмыспен қамтылуына ықпал жасау бойынша шараларды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р. Нұғмановаға жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
"Әулиекөл ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" ММ бастығы
____________________ Оспанов С.Ә.

5 Әкімдіктің

2011 жылғы 25 қарашадағы
№ 403 қаулысына қосымша
Әулиекөл ауданында 2012 жылға арналған жұмыспен қамтуға
ықпал жасау үшін тұрғындардың нысаналы топтары

1 1. Табысы аз адамдар.

2 2. Жиырма бір жасқа дейінгі жастар.

3 3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар.

4 4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызбасты, көпбалалы ата-аналар.

5 5. Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар.

6 6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуына екі жыл қалған).

7 7. Мүгедектер.

8 8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің қатарынан босаған адамдар.

9 9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар.

10 10. Оралмандар.

11 11. Жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер.

12 12. Жұмыс берушінің - заңды тұлғаның таралуына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар жатады.

13 13. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер.

14 14. Ұзақ уақыт бойы жұмыс істемеген азаматтар (бір жылдан артық).

15 15. Бұрындары жұмыс істемеген жұмыссыздар (жұмыс өтілі жоқ).

16 16. Қылмыстық–атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар.

Қолданыстағы