Об организации и проведении приписки граждан на воинский учет к призывному участку в январе-марте 2012 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации и проведении приписки граждан на воинский учет к призывному участку в январе-марте 2012 года
- Атауы (қаз.)
- 2012 жылғы қаңтар-наурызында әскерге шақыру учаскесіне азаматтарды тіркеуді ұйымдастыру және өткізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 13
- Қабылданған күні
- 14.12.2011
- Көрсетілген редакция
- 31.01.2014 62249_173713.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.01.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11KD000260
- ЭКБ идентификаторы
- 62249
- Редакция идентификаторы
- 62249_173713
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:47
0 2012 жылғы қаңтар-наурызында әскерге шақыру учаскесіне азаматтарды тіркеуді ұйымдастыру және өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы N 371 "Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" қаулысын жүзеге асыру мақсатында, Балқаш қаласының әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1
1. "Қарағанды облысы Балқаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Б.Ә. Бекмағамбетов келісім бойынша) 2012 жылғы қаңтар-наурыз аралығында, тіркеу жылында жастары 17 келетін азаматтарды, сондай-ақ тіркелуге тиіс, бірақ тіркелу үшін белгіленген мерзімде келмеген азаматтарды, тұрғылықты жері бойынша әскерге шақыру учаскесіне тіркеуді өткізсін.
2
2. Қоңырат, Гүлшат, Саяқ кенттерінің әкімдері, ұйымдардың, оқу орындарының, үйлердің пайдалануын жүзеге асырушы тұтынушы пәтер иелері кооперативтерінің басшыларына, "Қарағанды облысы Балқаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы N 371 "Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ережесінің 1 қосымшасына сәйкес 1995 жылы туған азаматтардың тізімін шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу үшін тапсыру ұсынылсын.
3 3. Білім беру ұйымдары мен басқа да ұйымдардың басшыларына әскерге шақырылатын жасөспірімдер медициналық комиссияға шақыру қағазын алған кезде медициналық куәландыруды өту және құжаттарды жинау үшін жұмыстан, оқудан босату ұсынылсын.
4 4. "Қарағанды облысы Балқаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Б.Ә. Бекмағамбетов келісім бойынша) 2012 жылғы 15 сәуірге дейін қала әкіміне 1995 жылы туған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу қортындысы жөнінде ақпарат берсін.
5 5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Махмұт Сәдуақасұлы Жарылғапқа жүктелсін.
6 6. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
«Қарағанды облысы Балқаш
қалалық қорғаныс істері жөніндегі
біріктірілген бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
13 желтоқсан 2011 жыл
_________________ Б.Бекмағамбетов