Құжат мәтініне өту

Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения на 2012 год

Қаулы · № 557 · қабылданған 08.12.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-ekb-62257/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения на 2012 год Күшін жойған Қаулы ·№ 557 ·08.12.2011
08.12.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.12.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения на 2012 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 557 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения на 2012 год
Атауы (қаз.)
Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың 2012 жылға арналған қосымша тізбесін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
557
Қабылданған күні
08.12.2011
Көрсетілген редакция
08.12.2011 AI62257_0.kaz
Соңғы өзгеріс
08.12.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11NC000157
ЭКБ идентификаторы
62257
Редакция идентификаторы
AI62257_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:54

0 Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың 2012 жылға арналған қосымша тізбесін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың 2012 жылға арналған қосымша тізбесі белгіленсін:

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымдардың түлектері;
үш ай және одан да артығырақ жұмыс істемеген жұмыссыз адамдар;
бұрын жұмыс істемеген жұмыссыздар (еңбек өтілі жоқ);
қырық бес жастан асқан жұмыссыздар;
маусымдық және уақытша жұмыстардың мерзімі аяқталуына байланысты жұмыстан босатылған жұмыссыздар;
уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіби даярлықты және (немесе) қайта даярлықты, біліктілігін арттыруды аяқтаған жұмыссыздар;
жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар.

2

2. "Халықтың нысаналы тобына жататын тұлғалардың 2011 жылға арналған қосымша тізбесін белгілеу туралы" әкімдіктің 2011 жылғы 29 наурыздағы № 121 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-3-145 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 15 сәуірдегі № 14 (347) "Арқалық хабары" газетінде жарияланған) күші жойылды деп есептелсін.

3 3. Қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н. Шалдыбаевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы 2012 жылдың 01 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
"Арқалық қаласы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
______________ К. Омарова
"Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы
______________ А. Мұхамбетжанова
"Арқалық қаласы әкімдігінің экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
______________ Н. Гайдаренко

Қолданыстағы