Құжат мәтініне өту

Об организации и обеспечении проведения приписки граждан к призывному участку в период с января по март 2012 года

Өзге акт · № 17 · қабылданған 14.12.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-ekb-62436/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об организации и обеспечении проведения приписки граждан к призывному участку в период с января по март 2012 года Күшін жойған Өзге акт ·№ 17 ·14.12.2011
12.10.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.10.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и обеспечении проведения приписки граждан к призывному участку в период с января по март 2012 года

Күшін жойған Өзге акт ·№ 17 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и обеспечении проведения приписки граждан к призывному участку в период с января по март 2012 года
Атауы (қаз.)
2012 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезеңде азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
17
Қабылданған күні
14.12.2011
Көрсетілген редакция
12.10.2012 62436_177344.kaz
Соңғы өзгеріс
12.10.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11CG000136
ЭКБ идентификаторы
62436
Редакция идентификаторы
62436_177344
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:47

0 2012 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезеңде азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 33 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасындағы әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы» Қаулысына сәйкес аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. 2012 жылдың қаңтарынан науырызына дейінгі кезеңде «Қобда аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу жылы 17 жасқа толатын 1995 жылы туған еркек жынысты азаматтарды, сонымен қатар, бұрын тіркеуден өтпеген, Қобда ауданының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын ересек жастағы азаматтарды тіркеуден өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тіркеу өткізу шараларын орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылсын.

2 2. Ұсынылсын:

1 1) «Қобда аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша) тіркеуді өткізу бойынша іс – шаралар жүргізсін;

2 2) «Қобда аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асырсын.

3 3. Ауылдық округ әкімдері тіркеуді өткізу кезеңінде әскер жасына дейінгілерді және әскерге шақырылушыларды хабардар етуді және олардың дер кезінде «Қобда аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз етсін.

4 4. «Қобда аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) азаматтардың шақыру учаскесіне тіркелуін ұйымшылдықпен жүргізуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдансын, тіркеу қорытындысы туралы 2012 жылдың 11 сәуірінде аудан әкіміне хабарласын.

5

5. Аудан әкімінің 2011 жылғы 07 ақпандағы № 4 «1994 жылы туылған азаматтарды қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу туралы» шешімінің (2011 жылғы 25 ақпанында нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3-7-100 болып тіркелген, 2011 жылғы 02 наурыздағы № 11 «Қобда» газетіндегі жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

6 6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Елеусіноваға жүктелсін.

7 7. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы