Об организации и обеспечении проведения приписки граждан к призывным участкам в январе-марте 2012 года в городе Уральске
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации и обеспечении проведения приписки граждан к призывным участкам в январе-марте 2012 года в городе Уральске
- Атауы (қаз.)
- Орал қаласында 2012 жылдың қаңтар-наурызда азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 125
- Қабылданған күні
- 15.12.2011
- Көрсетілген редакция
- 07.12.2012 62540_157771.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.12.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11ZA000223
- ЭКБ идентификаторы
- 62540
- Редакция идентификаторы
- 62540_157771
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:46
0 Орал қаласында 2012 жылдың қаңтар-наурызда азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1
1. "Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) Орал қаласында 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын.
2 2. "Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу кезеңінде медициналық куәландырудан өткізуді, дәрі-дәрмекпен, медицина және шаруашылық мүлкімен қамтамасыз ету ұсынылсын.
3 3. "Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті Орал қаласының ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери міндетті орындаудан жалтарған тұлғаларды іздестіруді және ұстау ұсынылсын.
4 4. "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жұмысын ұйымдастыру мақсатында қоғамдық қызметкерлермен қамтамасыз етсін.
5 5. Аталған іс-шараларды орындаумен байланысты шығындар жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен өтелсін.
6
6. Орал қаласы әкімінің "Орал қаласында 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" 2011 жылғы 5 наурыздағы N 19 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне N 7-1-203 тіркелген, 2011 жылғы 12 мамырдағы "Пульс города" газетінің N 19 және 2011 жылғы 12 мамырдағы "Жайық үні" газетінің N 19 жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
7 7. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
8 8. Осы шешімнің орындалуын бақылау Орал қаласы әкімінің орынбасары А. С. Сафималиевке жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ:
"Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласының Қорғаныс
істері жөніндегі басқармасы"
мемлекеттік мекемесі
бастығының міндетін уақытша
атқарушы, подполковник
_____________Мифтахов Виталий Сабирович
15.12.2011 ж.
"Батыс Қазақстан облысы
денсаулық сақтау басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_____________Ирменов Қамидолла Мұтиғоллаұлы
15.12.2011 ж.
"Батыс Қазақстан облысының
Ішкі істер департаменті
Орал қаласының ішкі істер
басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы,
полиция полковнигі
_____________Айтқалиев Шадияр Қамиярұлы
15.12.2011 ж.