Құжат мәтініне өту

Об определении целевых групп населения Уланского района на 2012 год

Қаулы · № 835 · қабылданған 29.12.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-ekb-62600/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об определении целевых групп населения Уланского района на 2012 год Күшін жойған Қаулы ·№ 835 ·29.12.2011
11.12.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.12.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении целевых групп населения Уланского района на 2012 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 835 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении целевых групп населения Уланского района на 2012 год
Атауы (қаз.)
2012 жылға Ұлан ауданы халқының нысаналы топтарын анықтау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
835
Қабылданған күні
29.12.2011
Көрсетілген редакция
11.12.2012 AI62600_4.kaz
Соңғы өзгеріс
11.12.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11VQ000160
ЭКБ идентификаторы
62600
Редакция идентификаторы
AI62600_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:33

0 2012 жылға Ұлан ауданы халқының нысаналы топтарын анықтау туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 14)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабына, 7-бабының  2)-тармақшасына сәйкес, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2012 жылға Ұлан ауданы бойынша халықтың келесі нысаналы топтары анықталсын:

1 1) жиырма бiр жасқа дейiнгi жастар;

2 2) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;

3 3) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көп балалы ата-аналар;

4 4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;

5 5) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);

6 6) мүгедектер;

7 7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;

8 8) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;

9 9) оралмандар;

10 10) табысы аз адамдар;

11 11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;

12 12) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;

13 13) 50 жастан асқан әйелдер;

14 14) 55 жастан асқан ерлер;

15 15) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар.

2 2. «Ұлан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi:

1 1) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдасын;

2 2) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды жұмысқа орналастыруда көмек көрсетудi қамтамасыз етсiн.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д. Мусинге жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы