Құжат мәтініне өту

Об организации в январе-марте 2012 году приписки граждан к призывному участку

Өзге акт · № 70 · қабылданған 09.12.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-ekb-62625/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об организации в январе-марте 2012 году приписки граждан к призывному участку Күшін жойған Өзге акт ·№ 70 ·09.12.2011
05.04.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.04.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации в январе-марте 2012 году приписки граждан к призывному участку

Күшін жойған Өзге акт ·№ 70 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации в январе-марте 2012 году приписки граждан к призывному участку
Атауы (қаз.)
2012 жылдың қаңтар-наурызында азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
70
Қабылданған күні
09.12.2011
Көрсетілген редакция
05.04.2012 62625_204760.kaz
Соңғы өзгеріс
05.04.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11LF000201
ЭКБ идентификаторы
62625
Редакция идентификаторы
62625_204760
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:52

0 2012 жылдың қаңтар-наурызында азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына және "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабы 3-тармағына сәйкес ШЕШЕМІН:

1

1. "Қызылорда облысы Жалағаш ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) 2012 жылдың қаңтар-наурызында ауданның аумағында тұратын тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты Қазақстан Республикасының азаматтарын шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу ұсынылсын.

2

2. Меншік нысандарына қарамастан кәсіпорын, мекеме, ұйым және оқу орындары басшыларына (келісім бойынша) азаматтарды әскерге шақыру жасына дейінгілерді әскери есепке қоюға байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытқа жұмыс орны мен атқаратын қызметі сақтала отырып, жұмыстан (оқудан) босату ұсынылсын.

3 3. Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Жалағаш аудандық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына (келісім бойынша) тіркеу жөніндегі іс-шаралар өткізу ұсынылсын.

4 4. Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті "Жалағаш ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін полиция нарядын бөлу ұсынылсын.

5

5. "Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі 2012 жылдың қаңтар - наурызында азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жұмыстарына көмектесу үшін "Қызылорда облысы Жалағаш ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағына ақылы қоғамдық жұмысқа тартылғандар арасынан 4 адам бөлсін.

6 6. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Қ. Мұстафаеваға жүктелсін.

7 7. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы