Об организации и обеспечении проведения приписки граждан к призывным участкам в январе-марте 2012 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации и обеспечении проведения приписки граждан к призывным участкам в январе-марте 2012 года
- Атауы (қаз.)
- 2012 жылдың қаңтар-наурызда азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 20
- Қабылданған күні
- 05.12.2011
- Көрсетілген редакция
- 28.04.2012 62641_180740.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.04.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11ZB000128
- ЭКБ идентификаторы
- 62641
- Редакция идентификаторы
- 62641_180740
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:58
0 2012 жылдың қаңтар-наурызда азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 33, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабына сәйкес аудан әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) Ақжайық ауданында 2012 жылдың қаңтар-наурызда тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу ұсынылсын.
2
2. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Ақжайық аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша) азаматтарды шақыру учаскелерін тіркеу кезінде медициналық куәландырудан өткізу дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медицина және шаруашылық мүлкімен қамтамасыз етсін.
3 3. "Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтарды шақыру учаскелерін тіркеу кезінде техникалық қызметкерлердің кажетті санын қамтамасыз етсін.
4 4. Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу мен медициналық куәландыру:
1 1) Алғабас, Ақсуат, Ақжол, Бударин, Есенсай, Жайық, Жамбыл, Жанабұлақ, Қабыршақты, Құрайлысай, Қарауылтөбе, Мерген, Чапаев ауылдық округтерінде тұратындар үшін "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінде (келісім бойынша) ұйымдастырылсын.
2 2) Базаршолан, Базартөбе, Алмалы, Тайпақ, Сарытоғай ауылдық округтерінде тұратындар үшін Тайпақ ауылындағы Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Ақжайық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында (келісім бойынша) ұйымдастырылсын.
5 5. "Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті Ақжайық ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери мiндетті орындаудан жалтарған адамдарды iздестiру және ұстауы ұсынылсын.
6 6. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
7 7. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары М. Д. Жұматоваға жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ:
"Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық ауданының Қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы подполковник
_____________Б. Бердигалиев
01.12.2011 ж.
"Батыс Қазақстан облысының
Ішкі істер департаменті
Ақжайық ауданының ішкі
істер бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
подполковник
_____________Е. Бисенов
01.12.2011 ж.
"Батыс Қазақстан облысының
әкімдігі денсаулық сақтау
басқармасының Ақжайық
аудандық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының
директоры
_____________Б. Ералин
01.12.2011 ж.
Батыс Қазақстан облысының
әкімдігі денсаулық сақтау
басқармасының "Ақжайық
аудандық орталық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының
директоры
_____________Д. Хайрушев
01.12.2011 ж.