Об организации и обеспечении приписки граждан к призывным участкам в январе-марте 2012 года в Казталовском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации и обеспечении приписки граждан к призывным участкам в январе-марте 2012 года в Казталовском районе
- Атауы (қаз.)
- 2012 жылы Казталов ауданында қаңтар-наурызда азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 35
- Қабылданған күні
- 21.12.2011
- Көрсетілген редакция
- 26.03.2012 62647_185626.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.03.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11ZH000139
- ЭКБ идентификаторы
- 62647
- Редакция идентификаторы
- 62647_185626
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:40
0 2012 жылы Казталов ауданында қаңтар-наурызда азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабының 3 тармағын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 33 бабын басшылыққа алып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1 1. "Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), 2012 жылдың қаңтар-наурызда тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын.
2 2. Ауылдық округ әкімдеріне азаматтардың әскер қатарына шақыру учаскелеріне толық түрде келуін қамтамасыз ету тапсырылсын.
3 3. "Казталов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыруға техникалық қызметкерлердің қажетті санын қамтамасыз етсін.
4
4. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаментінің "Казталов аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны (келісім бойынша) және Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаментінің "Казталов аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша):
1 1) тіркелгендерді медициналық тексеруден өткізу жөнінде жан–жақты шаралар алу;
2 2) тіркеу кезінде сырқат екендігі анықталғандарға емдеу жұмыстары жүргізу ұсынылсын.
5 5. "Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) тіркеу кезінде жергілікті учаскелік инспекторлардың жұмысын ұйымдастыру, шақыру учаскесінде тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
6 6. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
7 7. Шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Молдашевқа жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ:
"Батыс Қазақстан облысы
Казталов ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_____________Дарменов Мақсот Қайроллаұлы
21.12.2011 ж.
"Батыс Қазақстан облысы
Казталов аудандық ішкі
істер бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_____________Бисенов Бектас Бересұлы
21.12.2011 ж.
"Батыс Қазақстан облысының
әкімдігі, Батыс Қазақстан
облысының денсаулық сақтау
департаментінің "Казталов
аудандық орталық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорны
директоры
_____________Алтаев Қайырбай Ердосбайұлы
21.12.2011 ж.
"Батыс Қазақстан облысының
әкімдігі, Батыс Қазақстан
облысының денсаулық сақтау
департаментінің "Казталов
аудандық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорны
директоры
_____________Рабаев Есенгелді Байзоллаұлы
21.12.2011 ж.