Құжат мәтініне өту

Об организации и обеспечении приписки граждан к призывным участкам в январе-марте 2012 года в Таскалинском районе

Өзге акт · № 17 · қабылданған 23.12.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-ekb-62649/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об организации и обеспечении приписки граждан к призывным участкам в январе-марте 2012 года в Таскалинском районе Күшін жойған Өзге акт ·№ 17 ·23.12.2011
04.04.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.04.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и обеспечении приписки граждан к призывным участкам в январе-марте 2012 года в Таскалинском районе

Күшін жойған Өзге акт ·№ 17 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и обеспечении приписки граждан к призывным участкам в январе-марте 2012 года в Таскалинском районе
Атауы (қаз.)
Тасқала ауданында 2012 жылғы қаңтар-наурызда азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
17
Қабылданған күні
23.12.2011
Көрсетілген редакция
04.04.2012 62649_189386.kaz
Соңғы өзгеріс
04.04.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11ZK000153
ЭКБ идентификаторы
62649
Редакция идентификаторы
62649_189386
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:36

0 Тасқала ауданында 2012 жылғы қаңтар-наурызда азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1 1. "Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) Тасқала ауданында 2012 жылғы қаңтар-наурызда тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын.

2

2. "Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Тасқала аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына (келісім бойынша) азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркелуге жататын азаматтарды медициналық тексеруден өткізу жөнінде шаралар алу ұсынылсын.

3 3. "Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыруға техникалық қызметкерлердің қажетті санын қамтамасыз етсін.

4 4. Ауылдық округ әкімдеріне азаматтарды көрсетілген мерзімде оларды шақыру учаскесіне шақырылғаны туралы хабардар ету және оларды дер кезінде аудандық шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз ету тапсырылсын.

5 5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Жұбанышқалиеваға жүктелсін.

6 6. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛIСIЛДI:
"Батыс Қазақстан облысының
әкімдігі денсаулық сақтау
басқармасының шаруашылық
жүргізу құқығындағы
"Тасқала аудандық орталық
ауруханасы" мемлекеттік
коммуналдық кәсіпорнының
директоры
_____________Г. Кенжешева
23.12.2011 ж.
"Батыс Қазақстан облысы
Тасқала ауданының Қорғаныс
iстер жөнiндегi бөлiмi"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_____________А. Габдуллин
23.12.2011 ж.

Қолданыстағы