Құжат мәтініне өту

Об организации и обеспечении проведения приписки граждан к призывному участку в период с января по март 2012 года

Өзге акт · № 9 · қабылданған 26.12.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-ekb-62689/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об организации и обеспечении проведения приписки граждан к призывному участку в период с января по март 2012 года Күшін жойған Өзге акт ·№ 9 ·26.12.2011
28.12.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и обеспечении проведения приписки граждан к призывному участку в период с января по март 2012 года

Күшін жойған Өзге акт ·№ 9 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и обеспечении проведения приписки граждан к призывному участку в период с января по март 2012 года
Атауы (қаз.)
2012 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезеңде азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
9
Қабылданған күні
26.12.2011
Көрсетілген редакция
28.12.2012 62689_176250.kaz
Соңғы өзгеріс
28.12.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11CC000134
ЭКБ идентификаторы
62689
Редакция идентификаторы
62689_176250
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:35

0 2012 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезеңде азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасындағы әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы» Қаулысын орындау үшін, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабына сәйкес Алға ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. 2012 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезеңде «Алға ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу жылы 17 жасқа толатын 1995 жылы туған еркек жынысты азаматтарды, сонымен қатар бұрын тіркеуден өтпеген, Алға ауданы аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын ересек жастағы азаматтарды тіркеуден өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тіркеу өткізу шараларын орындауға байланысты шығындар, жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылсын.

2 2. Ұсынылсын:

1 1) Алға аудандық орталық ауруханасы (келісім бойынша) тіркеуді өткізу бойынша іс-шаралар жүргізсін.

2 2) Алға аудандық iшкi iстер бөлiмi (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды iздестiруді және ұстауды жүзеге асырсын.

3 3. Селолық округтер әкімдері тіркеуді өткізу кезеңінде әскер жасына дейінгілерді және шақырушыларды хабардар етуді, олардың дер кезінде «Алға ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз етсін.

4 4. «Алға ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің бастығы азаматтардың шақыру учаскесiне тiркелуiн ұйымшылдықпен жүргiзудi қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдасын. Тiркеу қорытындысы туралы 2012 жылдың 11 сәуiрiнде аудан әкiмiне хабарласын.

5 5. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Н. Ағниязовқа және «Алға ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің бастығы С. Кусмамбетовке жүктелсiн.

6 6. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қолданыстағы