О предоставлении подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения жилья специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района Шал акына в 2012 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения жилья специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района Шал акына в 2012 году
- Атауы (қаз.)
- 2012 жылы Шал ақын ауданының селолық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт мамандарына үй сатып алуға көтерме жәрдемақы және әлеуметтік қолдау ұсыну туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 44/4
- Қабылданған күні
- 21.12.2011
- Көрсетілген редакция
- 01.08.2012 62729_179416.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.08.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11SN000143
- ЭКБ идентификаторы
- 62729
- Редакция идентификаторы
- 62729_179416
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:40
0 2012 жылы Шал ақын ауданының селолық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт мамандарына үй сатып алуға көтерме жәрдемақы және әлеуметтік қолдау ұсыну туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңының 7-бабы 3-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген селолық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну Ережесінің 2-бөліміне сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1 1. 2012 жылы Шал ақын ауданының селолық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт мамандарына:
1 1) жетпіс есе айлық есептік көрсеткішке тең мөлшер сомасында көтерме жәрдемақы;
2 2) айлық есептік көрсеткіштің бір мың бес жүз есе мөлшерінен аспайтын сомада бюджет несиесі – тұрғын-үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау «Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Шал ақын ауданының
ауыл шаруашылығы және
ветеринария бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Х. Найманов