Об организации и обеспечении приписки к призывному участку граждан мужского пола, которым в 2012 году исполняется семнадцать лет
Күшін жойған
Өзге акт
·№ 15
·
15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации и обеспечении приписки к призывному участку граждан мужского пола, которым в 2012 году исполняется семнадцать лет
- Атауы (қаз.)
- 2012 жылы жасы он жетіге толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне есепке тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 15
- Қабылданған күні
- 26.12.2011
- Көрсетілген редакция
- 07.08.2012 62734_189000.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.08.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11VR000140
- ЭКБ идентификаторы
- 62734
- Редакция идентификаторы
- 62734_189000
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:35
0 2012 жылы жасы он жетіге толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру
учаскесіне есепке тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33–бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес Үржар ауданының әкімі ШЕШТІ:
1 1. 2012 жылдың қаңтар-наурызда 2012 жылы жасы он жетіге толатын еркек жынысты азаматтарды есепке тіркеуді өткізу «Үржар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде ұйымдастырылсын.
2 2. «Үржар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне есепке тіркеуді уақытылы және сапалы өткізу мақсатында шақыру учаскесін дайындау және заңнамамен белгіленген шараларды қабылдау ұсынылсын.
3 3. «Үржар ауданының № 1 медициналық бірлестігі» коммуналды мемлекеттік казыналық кәсіпорнына жасөспірімдерді сапалы медициналық куәландыру үшін дәрігер-мамандар мен орта медициналық қызметкерлерінің қажетті санымен қамтамасыз ету ұсынылсын.
4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5 5. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
«Үржар ауданының Қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Қ. Құлсеитов
26 желтоқсан 2011 ж.
«Үржар ауданының № 1
медициналық бірлестігі»
коммуналды мемлекеттік
казыналық кәсіпорынның директоры Б. Мадрахимов
26 желтоқсан 2011 ж.