Об организации и обеспечении приписки граждан к призывным участкам в январе-марте 2012 года в Бокейординском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации и обеспечении приписки граждан к призывным участкам в январе-марте 2012 года в Бокейординском районе
- Атауы (қаз.)
- Бөкей ордасы ауданында 2012 жылдың қаңтар-наурызда азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 17
- Қабылданған күні
- 21.12.2011
- Көрсетілген редакция
- 09.04.2012 62737_182984.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.04.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11ZD000127
- ЭКБ идентификаторы
- 62737
- Редакция идентификаторы
- 62737_182984
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:40
0 Бөкей ордасы ауданында 2012 жылдың қаңтар-наурызда азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1
1. "Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) Бөкей ордасы ауданында 2012 жылдың қаңтар-наурызда тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын.
2
2. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Бөкей ордасы аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу кезінде медициналық куәландырудан өткізуді, дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медицина және шаруашылық мүлкімен жабдықтауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
3 3. "Бөкей ордасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыруға техникалық қызметкерлердің қажетті санын қамтамасыз етсін.
4 4. Аталған шараларға байланысты шығын жергілікті бюджет есебінен өтелсін.
5 5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Т. Қайырғалиеваға жүктелсін.
6 6. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Батыс Қазақстан облысы
Бөкейорда ауданының
Қорғаныс істері жөніндегі
бөлімі" мемлекеттік мекемесі
бастығының міндетін уақытша
атқарушы
_____________А. М. Қадешов
23.12.2011 ж.
Батыс Қазақстан облысының
әкімдігі денсаулық сақтау
басқармасының "Бөкей ордасы
аудандық орталық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының
директоры
_____________Ә. У. Ғаббас
22.12.2011 ж.