Құжат мәтініне өту

Об организации и обеспечении проведения приписки граждан к призывному участку в период с января по март 2012 года

Өзге акт · № 14 · қабылданған 25.12.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-ekb-62800/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об организации и обеспечении проведения приписки граждан к призывному участку в период с января по март 2012 года Күшін жойған Өзге акт ·№ 14 ·25.12.2011
26.12.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и обеспечении проведения приписки граждан к призывному участку в период с января по март 2012 года

Күшін жойған Өзге акт ·№ 14 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и обеспечении проведения приписки граждан к призывному участку в период с января по март 2012 года
Атауы (қаз.)
2012 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезеңде азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
14
Қабылданған күні
25.12.2011
Көрсетілген редакция
26.12.2011 AI62800_0.kaz
Соңғы өзгеріс
26.12.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11CB000127
ЭКБ идентификаторы
62800
Редакция идентификаторы
AI62800_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:36

0 2012 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезеңде азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасындағы әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы» Қаулысын орындау үшін, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабына сәйкес Әйтеке би ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. 2012 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезеңде «Әйтеке би ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу жылы 17 жасқа толатын, 1995 жылы туған еркек жынысты азаматтарды, сонымен қатар бұрын тіркеуден өтпеген, Әйтеке би ауданы аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын ересек жастағы азаматтарды тіркеуден өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тіркеу өткізу шараларын орындауға қатысты шығындар, жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылсын.

2 2. Ұсынылсын:

1 1) Әйтеке би ауданы орталық ауруханасы (келісім бойынша) тіркеуді өткізу бойынша іс-шаралар жүргізсін;

2 2) Әйтеке би аудандық ішкі істер бөлімі (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асырсын.

3 3. Селолық округтер әкімдері тіркеуді өткізу кезеңінде әскер жасына дейінгілерді және шақырушыларды хабардар етуді, олардың дер кезінде «Әйтеке би ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз етсін.

4 4. «Әйтеке би ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы азаматтардың шақыру учаскесіне тіркелуін ұйымшылдықпен жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қабылдасын. Тіркеу қорытындысы туралы 2012 жылдың 11 сәуірінде аудан әкіміне хабарласын.

5 5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Рахметовке және «Әйтеке би ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Д. Танкиевке жүктелсін.

6 6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы