Об организации и обеспечении проведения приписки граждан к призывному участку в период с января по март 2012 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации и обеспечении проведения приписки граждан к призывному участку в период с января по март 2012 года
- Атауы (қаз.)
- 2012 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезеңде азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 14
- Қабылданған күні
- 25.12.2011
- Көрсетілген редакция
- 26.12.2011 AI62800_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.12.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11CB000127
- ЭКБ идентификаторы
- 62800
- Редакция идентификаторы
- AI62800_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:36
0 2012 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезеңде азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасындағы әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы» Қаулысын орындау үшін, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабына сәйкес Әйтеке би ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. 2012 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезеңде «Әйтеке би ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу жылы 17 жасқа толатын, 1995 жылы туған еркек жынысты азаматтарды, сонымен қатар бұрын тіркеуден өтпеген, Әйтеке би ауданы аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын ересек жастағы азаматтарды тіркеуден өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тіркеу өткізу шараларын орындауға қатысты шығындар, жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылсын.