О проведении приписки граждан мужского пола, которым в год приписки исполняется семнадцать лет, к призывному участку отдела по делам обороны Уланского района в 2012 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О проведении приписки граждан мужского пола, которым в год приписки исполняется семнадцать лет, к призывному участку отдела по делам обороны Уланского района в 2012 году
- Атауы (қаз.)
- Ұлан ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды 2012 жылы тіркеуге алуды жүргізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 10
- Қабылданған күні
- 29.12.2011
- Көрсетілген редакция
- 07.05.2012 AI62821_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.05.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11VQ000161
- ЭКБ идентификаторы
- 62821
- Редакция идентификаторы
- AI62821_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:33
0 Ұлан ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды 2012 жылы тіркеуге алуды жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабының 1-тармағының 13-тармақшасына сәйкес, Ұлан ауданының әкімі ШЕШТІ:
1 1. Ұлан ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды 2012 жылдың қаңтар–наурыз айларында тіркеуге алу жүргізілсін және ұйымдастырылсын.
2 2. Тіркеуге алуды жүргізу кестесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3 3. «Ұлан ауданының медициналық бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын директорына (Ж. Бухатов):
1 1) медициналық комиссияны маман–дәрігерлермен, орта дәрігерлік мамандармен, қажетті жабдықтармен, құрал–саймандармен және дәрі дәрмектермен жасақтау;
2 2) әскерге шақырылуға дейінгілерді стационарлық тексеру және емдеу үшін ауданның медициналық мекемелерінде қажетті төсек орын санының бөлінуін қамтамассыз ету;
3 3) тіркеуге алу аяқталғаннан кейін әскерге шақырылуға дейінгілерді емдеу үшін маман–дәрігерлерді тағайындау;
4 4) 2012 жылы тіркеуге алынатын азаматтарды емдеу және медициналық куәландыруды өткізетін емдеу мекемесін анықтау ұсынылсын.
4 4. Кенттер мен ауылдық округтерінің әкімдері әскери–есеп үстелінің мамандары мен оқу орындарының әскери басшыларының ілесуімен жасөспірімдердің тіркеуге алу комиссиясына уақытында келуі мен күні туралы хабарлауды қамтамассыз етсін.
5
5. «Шығыс Қазақстан облысының ішкі істер Департаментінің Ұлан аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (Т. Закирьянов) медициналық комиссия жұмысы кезеңінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету, қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының хабарландыруы бойынша тіркеуден бас тартқан азаматтарды іздестіру және қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің, шақыру учаскесіне жеткізуге көмек көрсету ұсынылсын.
6 6. «Ұлан ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (Б. Саниязов) «Ұлан ауданның білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (К. Окасов) тіркеуге алу кезеңінде әскери–оқу орындарына кандидаттарды іріктеуді жүргізу ұсынылсын.
7 7. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д. Мусинге жүктелсін.
8 8. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілген:
Аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөлім бастығы Б. Саниязов
29.12.2011 ж.
Ұлан ауданының ішкі
істер бөлімінің бастығы Т. Закирьянов
29.12.2011 ж.
«Ұлан ауданының
медициналық бірлестігі»
КМҚК директоры Ж. Бухатов
29.12.2011 ж.
13 Ұлан ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды 2012 жылы тіркеуге алуды жүргізу туралы КЕСТЕСІ
Ұлан ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 29 желтоқсан № 10
шешімінің қосымшасы
Ұлан ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру
учаскесіне тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек
жынысты азаматтарды 2012 жылы тіркеуге алуды жүргізу туралы
КЕСТЕСІ
№
Ауылдық,
кенттік
округтер
Саны
31.01.2012
01.02.2012
03.02.2012
07.02.2012
08.02.2012
09.02.2012
10.02.2012
1
Аблакет
25
25
2
Азов
5
5
3
Айыртау
14
14
4
Алмасай
8
8
5
Асу-Бұлақ
12
12
6
Багратион
12
12
7
Белогор
4
4
8
Бозанбай
20
20
9
Гагарин
6
6
10
Егінсу
5
5
11
Каменка
7
7
12
Молодежный
16
16
13
Огневка
4
4
14
Саратовка
13
13
15
Таврия
31
31
16
Тарғын
8
8
17
Толеген-Тохтаров
14
14
18
Өскемен
12
12
Барлығы:
216
28
25
20
23
52
25
43
Ұлан ауданы әкімі
аппаратының басшысы А. Рамазанов