Құжат мәтініне өту

Об организации и обеспечении проведения приписки граждан к призывному участку в период с января по март 2012 года

Өзге акт · № 11 · қабылданған 23.12.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-ekb-62835/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об организации и обеспечении проведения приписки граждан к призывному участку в период с января по март 2012 года Күшін жойған Өзге акт ·№ 11 ·23.12.2011
14.06.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.06.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и обеспечении проведения приписки граждан к призывному участку в период с января по март 2012 года

Күшін жойған Өзге акт ·№ 11 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и обеспечении проведения приписки граждан к призывному участку в период с января по март 2012 года
Атауы (қаз.)
2012 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезеңде азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
11
Қабылданған күні
23.12.2011
Көрсетілген редакция
14.06.2012 62835_176252.kaz
Соңғы өзгеріс
14.06.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11CM000165
ЭКБ идентификаторы
62835
Редакция идентификаторы
62835_176252
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:37

0 2012 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезеңде азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына сәйкес Шалқар ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. 2012 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезеңде «Шалқар ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркелу жылы 17 жасқа толатын 1995 жылы туған еркек жынысты азаматтарды, сонымен қатар бұрын тіркеуден өтпеген, Шалқар ауданы аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын ересек жастағы азаматтарды тіркеуден өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тіркеуді өткізу бойынша іс шараларды орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылады.

2 2. Ұсынылсын:

1 1) «Шалқар аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша), тіркеуді өткізу бойынша іс-шаралар жүргізу;

2 2) Шалқар аудандық ішкі істер бөлімі (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асыру.

3 3. Селолық округтерінің әкімдері, тіркеуді өткізу кезеңінде әскер жасына дейінгілерді және шақырушыларды хабардар етуді, олардың дер кезінде «Шалқар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз етсін.

4 4. «Шалқар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы азаматтардың шақыру учаскесіне тіркелуін ұйымшылдықпен жүргізуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдансын.

Тіркеу қорытындысы туралы 2012 жылдың 11 сәуірінде аудан әкіміне хабарласын.

5 5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Садықовқа және «Шалқар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы А. Қоңыратбаевқа жүктелсін

6 6. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы