Құжат мәтініне өту

Об определении целевых групп населения на 2012 год

Қаулы · № 43 · қабылданған 11.01.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 01.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-ekb-62838/on/2026-09-01/
Басып шығарылды 2026-09-01 · adilet.kz
Об определении целевых групп населения на 2012 год Қолданыста Қаулы ·№ 43 ·11.01.2012
20.07.2012 редакциясы
01.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.07.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении целевых групп населения на 2012 год

Қолданыста Қаулы ·№ 43 · 01.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении целевых групп населения на 2012 год
Атауы (қаз.)
2012 жылға арналған халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
43
Қабылданған күні
11.01.2012
Көрсетілген редакция
20.07.2012 62838_157041.kaz
Соңғы өзгеріс
20.07.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12NL000174
ЭКБ идентификаторы
62838
Редакция идентификаторы
62838_157041
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:23

0 2012 жылға арналған халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 13), 14 тармақшаларына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес және халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін 2012 жылға арналған халықтың нысаналы топтары осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.

2 2. "Қарабалық ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына кіретін тұлғаларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.А. Исенбаевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Әкімдіктің

2012 жылғы 11 қаңтардағы
№ 43 қаулысына қосымша
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін 2012 жылға
арналған халықтың нысаналы топтары

1 1. Табысы аз адамдар.

2 2. Жиырма бір жасқа дейінгі жастар.

3 3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар.

4 4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар.

5 5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар.

6 6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған).

7 7. Мүгедектер.

8 8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар.

9 9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған тұлғалар.

10 10. Оралмандар.

11 11. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер.

12 12. Жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына, не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар.

13 13. Ұзақ уақыт жұмыс істемегендер (он екі және одан да көп ай).

14 14. Техникалық және кәсіби, ортадан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер.

15 15. Елу жастан асқан адамдар.

16 16. Алынған мамандығы бойынша тәжірибесі және еңбек өтілі жоқ еңбекпен қамтылмаған жастар.

17 17. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар.

18 18. Тиісті жұмысы жоқ, "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар.

Қолданыстағы