Құжат мәтініне өту

О льготном проезде на сельском общественном транспорте (кроме такси) учащихся общеобразовательных учебных заведений в 2012 году

Өзге акт · № 51/277 · қабылданған 22.12.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-ekb-62845/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О льготном проезде на сельском общественном транспорте (кроме такси) учащихся общеобразовательных учебных заведений в 2012 году Күшін жойған Өзге акт ·№ 51/277 ·22.12.2011
22.12.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О льготном проезде на сельском общественном транспорте (кроме такси) учащихся общеобразовательных учебных заведений в 2012 году

Күшін жойған Өзге акт ·№ 51/277 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О льготном проезде на сельском общественном транспорте (кроме такси) учащихся общеобразовательных учебных заведений в 2012 году
Атауы (қаз.)
2012 жылы жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының селолық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүрулері туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
51/277
Қабылданған күні
22.12.2011
Көрсетілген редакция
22.12.2011 AI62845_0.kaz
Соңғы өзгеріс
22.12.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11SF000185
ЭКБ идентификаторы
62845
Редакция идентификаторы
AI62845_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:38

0 2012 жылы жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының селолық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүрулері туралы

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-ІІІ Заңының 6-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі № 581 Заңының 6-бабының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Явленка селосының жалпы білім беретін оқу орындарының 1-4-сыныптар оқушыларына қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен ақысыз жүрулеріне 2012 жылға құқық берілсін.

2

2. Есіл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі 2012 жылға арналған аудан бюджетінен «Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша білім беру ұйымдарының күндізгі түрінде оқитын оқушылары мен тәрбиеленушілерінің қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүрулерін әлеуметтік қолдау» 471012 бағдарламасы бойынша 780 (жеті жүз сексен) мың теңге сомасында қаражаттардың бөлінуін қамтамасыз етсін.

3

3. «Жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының селолық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүрулері туралы» аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 36/213 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізбесінде 2011 жылдың 20 қаңтарында № 13-6-158 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 25 ақпандағы № 9(249) «Есіл таңы» және 2011 жылғы 25 ақпандағы № 9(8528) «Ишим» аудандық газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ: 2011 жылғы 22 желтоқсан
«Есіл ауданының білім,
дене шынықтыру және
спорт бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
А. Әбдірахманов
(АБДШжСБ)
«Есіл ауданының экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Г. Стороженко
(АЭБЖБ)

Қолданыстағы