Құжат мәтініне өту

Об организации и проведении приписки граждан мужского пола, которым в 2012 году исполняется семнадцать лет, к призывному участку

Өзге акт · № 48 · қабылданған 26.12.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-ekb-62873/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об организации и проведении приписки граждан мужского пола, которым в 2012 году исполняется семнадцать лет, к призывному участку Күшін жойған Өзге акт ·№ 48 ·26.12.2011
07.11.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.11.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и проведении приписки граждан мужского пола, которым в 2012 году исполняется семнадцать лет, к призывному участку

Күшін жойған Өзге акт ·№ 48 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и проведении приписки граждан мужского пола, которым в 2012 году исполняется семнадцать лет, к призывному участку
Атауы (қаз.)
2012 жылы жасы он жетіге толатын ер жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
48
Қабылданған күні
26.12.2011
Көрсетілген редакция
07.11.2012 AI62873_2.kaz
Соңғы өзгеріс
07.11.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11VD000161
ЭКБ идентификаторы
62873
Редакция идентификаторы
AI62873_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:35

0 2012 жылы жасы он жетіге толатын ер жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабының 3 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, Риддер қаласының әкімі ШЕШТІ:

1 1. «Риддер қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» ММ шақыру учаскесінде 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында, тіркеу жылында он жеті жасқа толатын ер жынысты азаматтарды тіркеу жүргізілсін.

2

2. Пригородный ауылдық округінің әкімі Е. Нұрмұхамбетов және Үлбі кенттік округінің әкімі Қ. Теленчинов «Риддер қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде тіркеу жылында он жеті жасқа толатын ер жынысты азаматтардың ұйымдасқан және уақытында келуін қамтамасыз етсін.

3 3. «Риддер қаласының медициналық бірлестігі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының директоры Г. Кітаппаеваға ұсынылсын:

1 1) медициналық комиссияны маман-дәрігерлермен, орта медициналық қызметшілермен, қажетті құрал-жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен жабдықтау;

2 2) шақырылған құрамның флюрографиялық тексерілуін, электрокардиограмма және қажетті сараптамаларды тапсыруын қамтамасыз ету;

3 3) әскерге шықырылушылардың клиникалық тексеруден өтуі және емделуі үшін қажетті мөлшерде төсек-орын бөлу;

4 4) медициналық комиссияның жұмысын «Риддер қаласының қорғаныс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру пунктінде ұйымдастыру.

4

4. «Риддер қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығының міндеттерін атқарушы И. Какеновқа «Риддер қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Б. Өскенбаевпен бірлесе отырып әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу жүргізу, алынған мамандығының жалпы білім деңгейін және дене шынықтыру дайындығы деңгейін белгілеу ұсынылсын.

5 5. «Риддер қаласының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Р. Қамзинға тіркеуден жалтарғандарды іздестіру және шақыру пунктіне жеткізу, сондай-ақ шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету ұсынылсын.

6 6. Осы шешімнің орындалуын бақылау Риддер қаласы әкімінің орынбасары Е. Соколоваға жүктелсін.

7 7. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілді:
«Риддер қаласының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығының міндеттерін
атқарушы, майор
И. Какенов
26.12.2011 ж.
«Риддер қаласының ішкі
істер бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы, подполковник
Р. Қамзин
26.12.2011 ж.
«Риддер қаласының медициналық
бірлестігі» мемлекеттік
коммуналдық қазыналық
кәсіпорыны директоры
Г. Кітаппаева
26.12.2011 ж.

Қолданыстағы