Құжат мәтініне өту

Об организации и обеспечении приписки к призывному участку граждан мужского пола, которым в 2012 году исполняется семнадцать лет

Өзге акт · № 1 · қабылданған 04.01.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-ekb-62906/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об организации и обеспечении приписки к призывному участку граждан мужского пола, которым в 2012 году исполняется семнадцать лет Күшін жойған Өзге акт ·№ 1 ·04.01.2012
11.04.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.04.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и обеспечении приписки к призывному участку граждан мужского пола, которым в 2012 году исполняется семнадцать лет

Күшін жойған Өзге акт ·№ 1 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и обеспечении приписки к призывному участку граждан мужского пола, которым в 2012 году исполняется семнадцать лет
Атауы (қаз.)
2012 жылы жасы он жетіге толатын ер жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне есепке тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1
Қабылданған күні
04.01.2012
Көрсетілген редакция
11.04.2012 AI62906_2.kaz
Соңғы өзгеріс
11.04.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12VO000093
ЭКБ идентификаторы
62906
Редакция идентификаторы
AI62906_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:26

0 2012 жылы жасы он жетіге толатын ер жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне есепке тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес, есепке тіркеу жылында жасы он жетіге толатын ер жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне уақтылы және сапалы есепке тіркеу мақсатында ШЕШЕМІН:

1 1. 2012 жылғы қаңтар-наурыз айларында 2012 жылы он жетіге толатын ер жынысты азаматтарды «Көкпекті ауданының Қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі Аухадиев көшесі, 42 үй мекен-жайында орналасқан шақыру учаскесінде есепке тіркеуді ұйымдастырсын.

2 2. Есепке тіркеуді уақытылы және сапалы өткізу мақсатында «Көкпекті ауданының Қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) шақыру учаскесін дайындау және заңнамамен белгіленген өзге де шараларды қабылдау ұсынылсын.

3 3. «Көкпекті ауданының № 2 медициналық бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына жасөспірімдерді медициналық куәландыру үшін дәрігер-мамандар мен орта медициналық қызметкерлердің қажетті санымен қамтамасыз ету ұсынылсын.

4 4. Селолық округ әкімдері, білім беру мекемелерінің директорлары есепке тіркеу комиссиясына әскерге шақырылатындарды уақытылы құлақтандыру және келу мерзіміне алып баруды қамтамасыз етсін.

5

5. «Көкпекті ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне есепке тіркеу кезеңінде «Көкпекті ауданының Қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесімен есепке тіркелуден жалтарған тұлғаларды іздеу және жеткізу, шақыру учаскесінде тәртіпті қамтамасыз ету мәселелерінде өзара іс-қимыл ұйымдастыру ұсынылсын.

6 6. Осы шешімнің орындалуына бақылау Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары М. М. Ахметоваға жүктелсін.

7 7. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛГЕН:
«Көкпекті ауданының қорғаныс
істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
мекемесі бөлім бастығының МУА Д. Нурекенов
04.01.2012 ж.
«Көкпекті ауданының № 2 медициналық
бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорыны директорының
міндетін атқарушы Н. Аубакиров
04.01.2012 ж.
«Көкпекті ауданының ішкі істер
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
бастығы Е. Сейілханов
04.01.2012 ж.

Қолданыстағы