Құжат мәтініне өту

Об организации и обеспечении приписки граждан мужского пола, которым в 2012 году исполняется семнадцать лет, к призывному участку города Арыс

Өзге акт · № 02 · қабылданған 16.01.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-ekb-62945/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об организации и обеспечении приписки граждан мужского пола, которым в 2012 году исполняется семнадцать лет, к призывному участку города Арыс Күшін жойған Өзге акт ·№ 02 ·16.01.2012
02.07.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.07.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и обеспечении приписки граждан мужского пола, которым в 2012 году исполняется семнадцать лет, к призывному участку города Арыс

Күшін жойған Өзге акт ·№ 02 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и обеспечении приписки граждан мужского пола, которым в 2012 году исполняется семнадцать лет, к призывному участку города Арыс
Атауы (қаз.)
2012 жылы он жетi жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды Арыс қаласының шақыру учаскесiне тiркеудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
02
Қабылданған күні
16.01.2012
Көрсетілген редакция
02.07.2012 AI62945_2.kaz
Соңғы өзгеріс
02.07.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12UB000122
ЭКБ идентификаторы
62945
Редакция идентификаторы
AI62945_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:21

0 2012 жылы он жетi жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды Арыс қаласының

шақыру учаскесiне тiркеудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 13-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi «Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабына сәйкес Арыс қаласының әкімі ШЕШТІ:

1 1. 2012 жылы он жетi жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды Арыс қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесiне тiркеу 2012 жылдың қаңтар-наурызында ұйымдастырылсын және қамтамасыз етiлсiн.

2 2. Ауылдық округтердің әкiмдерi Арыс қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесiне тiркеудi өткiзу кезеңiнде шақырылушыларды хабардар етудi ұйымдастырсын және олардың дер кезiнде келуiн қамтамасыз етсiн.

3 3. Меншiк нысандарына қарамастан кәсiпорын, мекеме, ұйым және оқу орындары басшыларына ұсынылсын:

1 1) тiркелуге жататын азаматтарды ауданның шақыру учаскесiне шақыру жөнiнде хабарлау және шақыру бойынша уақытында келуiн қамтамасыз ету;

2 2) әскерге шақыру жасына дейiнгiлердi әскери есепке қоюға байланысты мiндеттердi орындау үшiн қажеттi уақытқа жұмыс орны мен атқаратын қызметi сақтала отырып, жұмыстан (оқудан) босату.

4

4. «Арыс аудандық емханасы» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорнының бас дәрiгерi (келiсiм бойынша) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда Әскери-дәрiгерлiк сараптама жүргiзу ережелерiнде айқындалған тәртiппен медициналық комиссиядан өткiзу ұсынылсын.

5 5. «Арыс ауданының iшкi iстер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (келiсiм бойынша) 2012 жылдың 1 сәуірінен кейін дәлелді себептерсіз әскери есепке қоюдан жалтарған әскерге шақыру жасына дейiнгілерді iздестiрудi және ұстауды жүзеге асыру ұсынылсын.

6 6. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Б.Ділдәбековке жүктелсiн.

7 7. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

КЕЛІСІЛДІ:
«Арыс қаласының қорғаныс істері
жөніндегі біріктірілген бөлімі»
мемлекеттік мекемесі бастығының
міндетін атқарушы
_____________________________Исаев Бағдатхан Төребайұлы
16 қаңтар 2012 жыл
«Арыс ауданының ішкі істер
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_____________________________Битурсынов Бахадур Шәмшидинұлы
16 қаңтар 2012 жыл
«Арыс аудандық емханасы»
мемлекеттiк коммуналдық
қазыналық кәсiпорнының
бас дәрiгерi
_____________________________Серікбаев Марат Қойбағарұлы
16 қаңтар 2012 жыл

Қолданыстағы