Об определении целевых групп населения города Усть-Каменогорска на 2012 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении целевых групп населения города Усть-Каменогорска на 2012 год
- Атауы (қаз.)
- 2012 жылға Өскемен қаласы халқының нысаналы топтарын анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 14483
- Қабылданған күні
- 28.12.2011
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2013 AI62971_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11VA000178
- ЭКБ идентификаторы
- 62971
- Редакция идентификаторы
- AI62971_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:34
0 2012 жылға Өскемен қаласы халқының нысаналы топтарын анықтау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2012 жылға Өскемен қаласы бойынша халықтың келесі нысаналы топтары анықталсын:
1 1) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
2 2) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
3 3) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
4 4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
5 5) зейнеткерлік жас алдындағы тұлғалар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
6 6) мүгедектер;
7 7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
8 8) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
9 9) оралмандар;
10 10) табысы аз адамдар;
11 11) техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
12 12) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші– жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
13 13) ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін адамдар;
14 14) 50 жастан асқан әйелдер;
15 15) 55 жастан асқан ерлер;
16 16) басым кәсіптер (мамандықтар) бойынша кәсіптік оқытуды аяқтаған Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының қатысушылары;
17 17) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар.
2
2. «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 1 жұмыспен қамту орталығы», Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 2 жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемелері халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды уақытша жұмыспен қамтуды және олардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетуді қамтамасыз етсін.