Құжат мәтініне өту

Об организации общественных работ на 2012 год

Қаулы · № 1512 · қабылданған 28.12.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-ekb-63006/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об организации общественных работ на 2012 год Күшін жойған Қаулы ·№ 1512 ·28.12.2011
10.12.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.12.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации общественных работ на 2012 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 1512 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации общественных работ на 2012 год
Атауы (қаз.)
2012 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1512
Қабылданған күні
28.12.2011
Көрсетілген редакция
10.12.2012 AI63006_4.kaz
Соңғы өзгеріс
10.12.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11VB000153
ЭКБ идентификаторы
63006
Редакция идентификаторы
AI63006_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:34

0 2012 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 13) тармақшасы, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20-бабы, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары негізінде, уақытша жұмыспен қамту және халықтың жұмысқа орналасуда қиындықтарды бастан кешіп жүрген топтарын қолдау мақсатында, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2012 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын беруші ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі, нақты жағдайлары, қатысушылардың қаржыландыру көздері және еңбекке ақы төлеу мөлшерлері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. Қатысушылардың еңбек ақысы 2012 жылға белгіленген ең төменгі бір жалақы мөлшерінде бекітілсін.

3 3. Меншік нысандарына қарамастан ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер басшыларына:

1 1) осы қаулының орындалуын ұйымдастыру;

2 2) жұмыскерлердің жекелеген санаттарына (кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге, көп балалы аналарға, мүгедектерге, он сегіз жасқа толмаған тұлғаларға) толық емес жұмыс күнімен жұмыс істеуге мүмкіндік беру, сондай-ақ жұмыс уақытын ұйымдастырудың икемді түрлері қолдансын.

4 4. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Қ. Е. Төлесбаев):

1 1) жұмыссыз азаматтарды жұмыс берушілер өтінімдер сәйкес қоғамдық жұмыстарға жіберсін;

2 2) нысаналы топтарға кіретін жұмыссыз азаматтарды қоғамдық жұмыстарға бірінші кезекте тартсын;

3 3) жұмыс берушімен қоғамдық жұмыстарды орындауға шарт жасасын.

5 5. Қаулының атқарылуын бақылау қала әкімінің орынбасары З. Р. Исабаеваға жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

12 2012 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын беруші ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі, қатысушыларды қаржыландыру көздері

Қала әкімдігінің
2011 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1512 қаулысына қосымша
2012 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын беруші ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі, қатысушыларды қаржыландыру көздері
Р/с

Жұмыс берушінің атаулары
Қоғамдық жұмыстардың түрлері
Қоғамдық жұмыстардың көлемдері
Жұмыс орындарының саны
Қаржыландыру көзі
1
2
3
4
5
6
1.
«Семей қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
мұрағатқа өткізу үшін құжаттарды әзірлеуге көмектесу; ағымдағы құжаттармен жұмыс;
қаланы көгалдандыру және көркейту
25-35 құжат
120000 шаршы метр
15
жергілікті бюджет
2.
«Семей қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі
мұрағатқа өткізу үшін құжаттарды әзірлеуге көмектесу; ағымдағы құжаттармен жұмыс
25-35 құжат
8
жергілікті бюджет
3.
«Теплокоммунэнерго» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (келісім бойынша)
ағымдағы кұжаттармен жұмысқа көмектесу
30-35 құжат
20
жергілікті бюджет
4.
«ШҚО Семей қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
ағымдағы және мұрағат құжаттарымен жұмысқа көмектесу
40-50 құжат
25
жергілікті бюджет
5.
«Семей қаласының әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)
халықты құжаттандыру бойынша техникалық жұмыстарды жүргізуге көмектесу
700 құжат
35
жергілікті бюджет
6.
«ШҚО Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі
ағымдағы кұжаттармен жұмысқа көмектесу
10-12 құжат
4
жергілікті бюджет
7.
«Семей қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі
ағымдағы кұжаттармен жұмысқа көмектесу
12-15 құжат
10
жергілікті бюджет
8.
«Семей қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
ағымдағы кұжаттармен жұмысқа көмектесу
18-20 құжат
8
жергілікті бюджет
9.
Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың ШҚО филиалы Семей қалалық бөлімшесі (келісім бойынша)
зейнетақы істерімен жұмысқа көмектесу; мұрағат құжаттарымен жұмыс
42000 зейнетақы ісі;
200-300 құжат
30
жергілікті бюджет
10.
«ШҚО-ның қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)
мұрағат құжаттармен жұмысқа көмектесу
35-40 құжат
15
жергілікті бюджет
11.
“Семей қаласының қорғаныс істері жөніндегі баскармасы” мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)
шақырылғандардың жеке істерін; есептік - қызметтік карталарын, шақыру құжаттарын ресімдеу бойынша жұмысқа көмектесу; мұрағат және ағымдағы құжаттармен жұмыс
50 іс;
20 құжат
12
жергілікті бюджет
12.
“Семей қаласының төтенше жағдайлар басқармасы” мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)
үй-жайларды жиыстыру
120 шаршы метр
4
жергілікті бюджет
13.
«Семей қаласы бойынша салық басқармасы» мемлекетік мекемесі (келісім бойынша)
салық хабарламаларын тіркеуге, оларды салық төлеушілердің мекенжайлары бойынша жеткізуге көмектесу; оларды рәсімдеуге көмектесу; ағымдағы құжаттармен жұмысқа көмектесу; аумақты жиыстыру; үй-жайларды жиыстыру
10000 хабарлама; 200 шаршы метр;
300 шаршы метр
12
жергілікті бюджет
14.
«Семей қаласының әкімшілік соты» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)
мұрағат құжаттармен жұмысқа көмектесу; аумақты көркейту
20-25 құжат;
200 шаршы метр
8
жергілікті бюджет
15.
Семей қаласының № 2 соты» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)
мұрағат кұжаттарымен жұмысқа көмектесу; аумақты жиыстыру; үй-жайларды жиыстыру
20-25 құжат;
200 шаршы метр;
250 шаршы метр
8
жергілікті бюджет
16.
«Семей қаласының ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомстволық қарасты бөлімдері (келісім бойынша)
ағымдағы кұжаттармен жұмысқа көмектесу; аумақты жиыстыру, үй-жайларды жиыстыру
50-55 құжат;
1,5 гектар;
1500 шаршы метр
25
жергілікті бюджет
17.
«Семей қалалық соты» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)
мұрағат кұжаттармен жұмысқа көмектесу; аумақты жиыстыру; үй-жайларды жиыстыру
15-20 құжат;
500 шаршы метр;
300 шаршы метр
4
жергілікті бюджет
18.
Семей өңірі бойынша қаржы полициясы басқармасы (келісім бойынша)
мұрағат кұжаттармен жұмысқа көмектесу; аумақты жиыстыру; үй-жайларды жиыстыру
10-15 құжат;
300 шаршы метр;
400 шаршы метр
4
жергілікті бюджет
19.
«Семей қаласының статистика басқармасы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)
ағымдағы құжаттармен жұмысқа көмектесу
30-40 құжат
12
жергілікті бюджет
20.
«Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, Семей қалалық № 2 өртке қарсы қызмет жасағы (келісім бойынша)
үй-жайларды жиыстыру
800 шаршы метр
12
жергілікті бюджет
21.
«Семей қалалық қазынашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)
ағымдағы және мұрағат құжаттармен жұмысқа көмектесу; аумақтарды көркейту және көгалдандыру
20-25құжат;
300 шаршы метр
8
жергілікті бюджет
22.
«Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі
мұрағат және ағымдағы құжаттармен жұмысқа көмектесу;
қалалық іс-шараларды ұйымдастыруға көмектесу
15-20 құжат;
қалада өтетін шараларға сәйкес барлық мерекелер
8
жергілікті бюджет
23.
«Семей қаласының белгілі тұрағы және құжаттары жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)
ағымдағы кұжаттармен жұмысқа көмектесу;
аумақты экологиялық сауықтыру және жиыстыру;
үй-жайларды жиыстыру, жөндеу жұмыстары
25-30 құжат;
250 шаршы метр;
600 шаршы метр
20
жергілікті бюджет
24.
«ШҚО бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның Семей филиалы (келісім бойынша)
мұрағат және ағымдағы құжаттармен жұмысқа көмектесу
20-25 құжат
8
жергілікті бюджет
25.
ШҚО Ішкі істер департаменті жол полициясының № 2 жеке батальоны (келісім бойынша)
мұрағат және ағымдағы құжаттармен жұмысқа көмектесу;
үй-жайларды жиыстыру
20-25құжат;
250 шаршы метр
8
жергілікті бюджет
26.
«Семей қаласының прокуратурасы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)
ағымдағы және мұрағат құжаттармен жұмысқа көмектесу; аумақты көркейту
20-25 құжат;
250 шаршы метр
8
жергілікті бюджет
27.
«Семей қаласының мүмкіндігі шектеулі балаларға үйден әлеуметтік көмек көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)
үй-жайларды жиыстыру;
жөндеу жұмыстары;
аумақты көркейту
600 шаршы метр;
200 шаршы метр
20
жергілікті бюджет
28.
Білім беру ұйымдары мен мекемелері, соның ішінде балалардың мектепке дейінгі мекемелері (келісім бойынша)
үй-жайларды жиыстыру және жөндеу; аумақты көркейту
1500 шаршы метр;
10,5 гектар
80
жергілікті бюджет
29.
Семей қаласының арнаулы орта білім беретін оқу орындары:
«Педагогикалық колледж»,
«Бухгалтерлік колледж»,
«Құрылыс колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары (келісім бойынша)
«Қыздар гимназиясы»,
«Жас Ұлан лицейі»,
«Семей қаласының № 9 кәсіптік лицейі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)
ағымдағы және мұрағат құжаттармен жұмысқа көмектесу;
аумақтарды жиыстыру;
үй-жайларды жиыстыру, жөндеу жұмыстары
20-30құжат;
150 шаршы метр;
400 шаршы метр
10
жергілікті бюджет
30.
Облыстық Семей тарихи-өлкетану мұражайы (келісім бойынша)
ағымдағы және мұрағат құжаттармен жұмысқа көмектесу; аумақты көркейту
10-15 құжат;
200 шаршы метр
4
жергілікті бюджет
31.
«Семей қаласының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналык әлеуметтік мекемесі” мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)
науқас және егде жастағы адамдарды күту; құжаттармен жұмысқа көмектесу;
үй-жайларды жиыстыру;
аумақтарды көгалдандыру және көркейту
15 адам;
25-30 құжат;
600 шаршы метр;
500 шаршы метр
12
жергілікті бюджет
32.
«Семей қаласының мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)
аумақты көркейту
800 шаршы метр
8
жергілікті бюджет
33.
Денсаулық сақтау ұйымдары мен мекемелері:
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар «Жедел медициналық жәрдем ауруханасы»,
«Қалалық аурухана»,
«Инфекциялық аурухана»,
«Тері–венерологиялық диспансері»,
«Онкологиялық диспансер»,
«Наркологиялық диспансер»,
«№ 3 перзентхана»,
«№ 2 емхана»,
«№ 4 емхана»,
«№ 3, 5 аралас үлгідегі емхана»,
«№ 3, 9 бастапқы медициналық – санитарлық жәрдем орталығы»,
«Медбикелік күтім және қызыл жарты ай ауруханасы»,
«Бұлақ ауылының Гармония ауылдық амбулаториясы мекемесі» (келісім бойнша)
аумақтарды көркейту;
үй-жайларды жиыстыру, жөндеу жұмыстары
10,5 гектар
1 500 шаршы метр
80
жергілікті бюджет
34.
Білім бөлімінің «Аула клубтары қауымдастығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша)
тұрғылықты жері бойынша балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыруға көмектесу
20 аула клубтарында
40
жергілікті бюджет
35.
ШҚО сот актілерін орындау Департаментінің Семей, Жаңасемей аумактық сот орындаушылар бөлімдері (келісім бойынша)
ағымдағы кұжаттармен жұмысқа көмектесу
25-30 құжат
16
жергілікті бюджет
36.
«Семей қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі
мұрағатқа өткізу үшін құжаттарды әзірлеуге көмектесу; ағымдағы құжаттармен жұмысқа көмектесу
15-20 құжат;
4
жергілікті бюджет
37.
«Семей қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
мұрағатқа өткізу үшін құжаттарды әзірлеуге көмектесу; ағымдағы құжаттармен жұмысқа көмектесу
15-20 құжат;
8
жергілікті бюджет
38.
«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)
оқырмандарға қызмет көрсетуге, кітап қорларымен жұмыстарға көмектесу; аумақтарды көркейту
50-60 адам;
600 шаршы метр
4
жергілікті бюджет
39.
“Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі” мемлекеттік мекемесі
азық-түлік және азық-түлік емес тауар бағаларының мониторингісін жүргізуге көмектесу; құжаттармен жұмысқа көмектесу
60-70 құжат;
30-40 құжат
35
жергілікті бюджет
40.
Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министірлігінің «Жетысу аймақтық ауыл шаруашылық дақылдарының сортын сынау инспектурасы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)
көкөністерді өсіру жөніндегі маусымдық қысқа мерзімді жұмыстар
0,5 гектар
12
жергілікті бюджет
41.
«Семей қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
мұрағатқа өткізу үшін құжаттарды әзірлеуге көмектесу; ағымдағы құжаттармен жұмысқа көмектесу
10-12 құжат;
4
жергілікті бюджет
42.
«Қалалық достық үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны (келісім бойынша)
ағымдағы кұжаттармен жұмысқа көмектесу; үй-жайларды жиыстыру, жөндеу жұмыстары
10-15 құжат;
80 шаршы метр
4
жергілікті бюджет
43.
«Семей қаласының орталық мәдениет және демалыс саябағы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны (келісім бойынша)
аумақтарды көгалдандыру және көркейту
2 гектар
8
жергілікті бюджет
44.
Жаңасемей өңірінің ауылдық округтері:
Достық,
Жазық,
Жиенәлі,
Знаменка,
Ертіс,
Озерки,
Приречный,
Новобаженово,
Шаған кенті
ауылдар аумақтарын жиыстыру, көркейту; хат-хабарды жеткізу
2,3 гектар
10- 15 құжат
120
жергілікті бюджет
45.
«Шульба кентінің әкімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша),
«Облыстық балалар үйі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша),
«Мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша),
«Новобаженово селосының ауылдық клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша),
«Дәрігерлік амбулатория» (келісім бойынша),
Новобаженово амбулаториясы Гармония (келісім бойынша)
хат-хабар жеткізу;
аумақты экологиялық сауықтыру және жиыстыру;
балалар мен жастардың бос уақытын ұйымдастыруға көмектесу
10-15 құжат;
1000 шаршы метр;
ауылдық клубта
70
жергілікті бюджет
46.
Абыралы өңірінің ауылдық округтері:
Абыралы,
Ақбұлақ,
Айнабұлақ,
Алғабас,
Қараөлең,
Таңат (келісім бойынша)
ауылдар аумақтарын жиыстыру, көркейту;
хат-хабарды жеткізу
1,9 гектар
10-15 құжат
70
жергілікті бюджет
47.
Қоғамдық бірлестіктер: «Жарық» Семей қалалық зағиптар қоғамы»,
«НұрОтан» Халықтық Демократиялық партиясы,
«Орыс әлеуметтік – мәдени орталығы»,
«Қазақ тілі»,
«Достық құшағы» ұлттық мәдени орталығы»,
«Іңкәр сезім» этностудиясы»,
«Отан сүйгіш оралмандар»,
«Қант диабетімен ауыратын мүгедектер бірлестігі»,
«Полигон балалары»,
«Хоспис» қоғамдық қоры»,
«Тіршілік», «Жанұя орталығы»,
«Әмина» мұсылман әйелдер бірлестігі»,
«Қазақ саңыраулар қоғамы»,
«Әйелдер мен балаларға арналған «Фатима» дағдарыс орталығы» (келісім бойынша)
«Ахау Семей» қазақ мәдени-дәстүр одағы» келісім бойынша),
«Белсенділердің тәуелсіз «Ника» бастамасы»,
«Айша бибі» қалалық қазақ мәдени орталығы»,
«Возрождение» немістер бірлестігі»,
«Қажы» Қазақстандық ассоциациясы», «Оралман студенттердің «Алтай» бірлестігі» (келісім бойынша)
құжаттармен жұмысқа көмектесу;
аумақты жиыстыру;
үй-жайларды жиыстыру
40-50 құжат
300 шаршы метр
600 шаршы метр
60
жергілікті бюджет
48.
Әуесқой бағбаншылардың тұтынушы кооперативтері:
«Мұрат 2»,
«Солнечная долина»,
«Пожарная Согра»,
«Мирный»,
«Левый Восточный»,
«Восточный правый»,
«Орленок 2» (келісім бойынша)
саяжай алабына іргелес көшелерді санитарлық тазалау
450 гектар
100
жергілікті бюджет
Жиыны:
1100
Қоғамдық жұмыстардың нақты шарты:
Жұмыс аптасының ұзақтығы 5 күнді құрайды, екі демалыс күн беріледі, сегіз сағаттық жұмыс күні, түскі үзіліс 1 сағат, жұмыстың шарттарынан туындайтын жұмыс уақытын ұйымдастырудың икемді түрлері қолданылады, жұмыссыздардың еңбегін төлеу орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты жұмыссыздың жеке шотына аудару жолымен жүзеге асырылады; еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық, арнайы киіммен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, уақытша жұмысқа жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеу, денсаулыққа мертігу немесе басқа зақымдану салдарынан келтірілген зияндардың орнын толтыру, зейнетақы және әлеуметтік ақша аударулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін (кәмелетке толмаған балалары бар әйелдер, көп балалы аналар, мүгедектер, он сегіз жасқа толмаған адамдар) қоғамдық жұмыстардың шарттары сай келген санаттың еңбек шарттарының ерекшеліктерін ескерумен анықталады және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасында жасалатын еңбек шарттарымен көзделеді.
Аппарат басшысының
міндетін атқарушы                                     Б. Мусин

Қолданыстағы