Құжат мәтініне өту

Об организации и обеспечении проведения приписки граждан к призывному участку в период с января по март 2012 года

Өзге акт · № 1 · қабылданған 13.01.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-ekb-63020/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об организации и обеспечении проведения приписки граждан к призывному участку в период с января по март 2012 года Күшін жойған Өзге акт ·№ 1 ·13.01.2012
02.10.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.10.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и обеспечении проведения приписки граждан к призывному участку в период с января по март 2012 года

Күшін жойған Өзге акт ·№ 1 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и обеспечении проведения приписки граждан к призывному участку в период с января по март 2012 года
Атауы (қаз.)
2012 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезеңде азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1
Қабылданған күні
13.01.2012
Көрсетілген редакция
02.10.2012 63020_177392.kaz
Соңғы өзгеріс
02.10.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12CI000161
ЭКБ идентификаторы
63020
Редакция идентификаторы
63020_177392
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:22

0 2012 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезеңде азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ережені бекiту туралы» қаулысын жүзеге асыру мақсатында ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. 2012 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезеңде «Мұғалжар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу жылы 17 жасқа толатын 1995 жылы туған еркек жынысты азаматтарды, сонымен қатар бұрын тіркеуден өтпеген Мұғалжар ауданы аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын ересек жастағы азаматтарды тіркеуден өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тіркеу өткізу шараларын орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылсын.

2 2. Ұсынылсын:

1 1) «Мұғалжар аудандық емханасы» және «Ембі аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындары (келісім бойынша) тіркеуді өткізу бойынша іс-шаралар жүргізсін.

2 2) «Мұғалжар аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асырсын.

3 3. Қалалар мен ауылдық округтерінің әкімдері тіркеуді өткізу кезеңінде әскерге шақыру жасына дейінгілерді және шақырушыларды хабардар етіп, олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.

4 4. «Мұғалжар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығымен (келісім бойынша) азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымшылдықпен өткізуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын. Тіркеу нәтижесі туралы 2012 жылдың 11 сәуіріне дейін аудан әкіміне хабарласын.

5 5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Құрмашевқа жүктелсін.

6 6. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

Қолданыстағы