Құжат мәтініне өту

О дополнительных мерах по социальной защите граждан Успенского района в сфере занятости в 2012 году и организации Молодежной практики

Қаулы · № 3/1 · қабылданған 08.01.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-ekb-63052/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О дополнительных мерах по социальной защите граждан Успенского района в сфере занятости в 2012 году и организации Молодежной практики Қолданыста Қаулы ·№ 3/1 ·08.01.2012
26.08.2014 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.08.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О дополнительных мерах по социальной защите граждан Успенского района в сфере занятости в 2012 году и организации Молодежной практики

Қолданыста Қаулы ·№ 3/1 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О дополнительных мерах по социальной защите граждан Успенского района в сфере занятости в 2012 году и организации Молодежной практики
Атауы (қаз.)
2012 жылы Успен ауданында жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар және Жастар практикасын ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
3/1
Қабылданған күні
08.01.2012
Көрсетілген редакция
26.08.2014 63052_192773.kaz
Соңғы өзгеріс
26.08.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12PL000121
ЭКБ идентификаторы
63052
Редакция идентификаторы
63052_192773
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:25

0 2012 жылы Успен ауданында жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар және Жастар практикасын ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабының 2 тармағына, 7 бабының 5-7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 836 қаулысына сәйкес, халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтуға көмек көрсету мақсатында Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Успен ауданы бойынша халықтың нысаналы тобына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін.

2 2. Уақытша жұмыс орындарын ашу және ұсыну арқылы Жастар практикасы ұйымдастырылсын.

3 3. Успен ауданының "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:

1 1) келісім шарт бойынша жұмыс берушілермен (келісім бойынша) халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырсын;

2

2) келісім шарт бойынша жұмыс берушілермен (келісім бойынша) орта кәсіптік және жоғары білімі бар, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім берудің кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері арасында тіркелген жұмыссыздарға Жастар практикасын ұйымдастырсын.

4 4. Успен ауданының "Қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар практикасын аудандық бюджетінен бөлінген қаражат көлемінде уақытылы қаржыландырумен қамтамасыз етсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылауы аудан әкімінің орынбасары А.А. Дисюповаға жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 Успен ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарына жататын қосымша тізбесі

Успен ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 9 қаңтардағы
№ 3/1 қаулысына
қосымша
Успен ауданы бойынша халықтың нысаналы
топтарына жататын қосымша тізбесі

1 1) Дәрігерлік-ұжымдық комиссияның анықтамасы бойынша еңбек етуге шектеуі бар тұлғалар;

2 2) үлкен жастағы тұлғалар (50 жастағы және одан үлкен);

3 3) Жұмыс өтілі және мамандығы жоқ тұлғалар;

4 4) Үш ай және одан аса жұмыс істемеген тұлғалар;

5 5) 29 жасқа дейінгі жастар.

Қолданыстағы