Құжат мәтініне өту

Об организации общественных работ на 2012 год

Қаулы · № 16 · қабылданған 18.01.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-ekb-63078/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-02 · adilet.kz
Об организации общественных работ на 2012 год Қолданыста Қаулы ·№ 16 ·18.01.2012
01.01.2013 редакциясы
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации общественных работ на 2012 год

Қолданыста Қаулы ·№ 16 · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации общественных работ на 2012 год
Атауы (қаз.)
2012 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
16
Қабылданған күні
18.01.2012
Көрсетілген редакция
01.01.2013 AI63078_2.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12UO000131
ЭКБ идентификаторы
63078
Редакция идентификаторы
AI63078_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:19

0 2012 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20 бабына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекiтiлген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру ережесiнiң 8-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2012 жылы қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi және олардың қаржыландырудың көздерi қосымшаға сәйкес бекiтiлсін.

2 2. Қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтардың еңбекақысы айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының ең төменгі мөлшері көлемінде бекітілсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Оспановқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

5 Шардара ауданы әкімдігінің

2012 жылғы 18 қаңтардағы
№ 16 қаулысымен бекітілген
2012 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұсынатын ұйымдардың тізбесі, жұмыстардың түрлері, көлемі және қаржыландыру көздері
қ/с
Ұйымдардың атауы
Жылына қоғамдық қызметкерлерге сұраныс, адам
Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері
Қаржыландыру көздері
1
«Шардара қаласы әкімі аппараты» Мемлекеттік мекемесі, ауыл округтері әкімдерінің аппараттары Мемлекеттік мекемелері, «Шардара аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» Мемлекеттік мекемесі
295
Іс-қағаздарын жүргізу-3000 іс, ауылшаруашылық жұмыстарына қатысу, қаланы, ауылдарды, елдi мекендердi абаттандыру және көгалдандыру - 50000 шаршы метр
Аудандық бюджет
2
«Шардара ауданы әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі, «Шардара аудандық білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі
60
Іс-қағаздарын жүргізу-1400 іс, мекеме ғимараты аймақтарын көгалдандыру және көріктендіру жұмыстары - 10000 шаршы метр
Аудандық бюджет
3
«Шардара аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі» Мемлекеттік мекемесі
45
Іс-қағаздарын жүргізу-500 іс, шегірткеге және өртке қарсы күрес жұмыстары-6000 гектар жер
Аудандық бюджет
4
«Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесі, «Шардара аудандық ішкі істер бөлімі» Мемлекеттік мекемесі, «Шардара аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» Мемлекеттік мекемесі, «Шардара аудандық соты» Мемлекеттік мекемесі, «Шардара аумақтық сот орындаушылар бөлімі» Мемлекеттік мекемесі
45
Іс-қағаздарын жүргізу, мәліметтерді бағдарламаға енгізу 1000 іс, қоғамдық тәртіпті сақтау-10 ауылдық округ, әскери қызметке шақыруға қатысты қағаздарын толтыру және тарату-2000 шақыру қағаздары
Аудандық бюджет
5
«Шардара аудандық әділет басқармасы» Мемлекеттік мекемесі, «Шардара аудандық салық басқармасы» Мемлекеттік мекемесі, «Шардара аудандық жер қатынастары бөлімі» Мемлекеттік мекемесі, «Шардара аудандық құрылыс бөлімі» Мемлекеттік мекемесі», «Шардара аудандық экономика және қаржы бөлімі» Мемлекеттік мекемесі
20
Жылжымайтын мүлікті тіркеу бойынша іс-жүргізуге жәрдемдесу, іс-қағаздарын жүргізу-2000 іс, мекеме ғимараты аймақтарын көгалдандыру және көріктендіру 20000 шаршы метр
Аудандық бюджет
6
«Шардара аудандық тарихи-өлкетану мұражайы» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
10
Материалдарды топтастыруға жәрдемдесу-500 іс, аймақты көгалдандыру, көріктендіру және санитарлық тазалау 5000 шаршы метр
Аудандық бюджет
7
Шардара ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Өскен өңір» Шардара аудандық газеті» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
5
Іс-қағаздарын жүргізу-1400 іс
Аудандық бюджет
Барлығы
480
Ескертпе: қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары жұмыс берушімен және қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтың арасында жасалатын еңбек шартында көзделеді.

Қолданыстағы