Құжат мәтініне өту

О дополнительных мерах по социальной защите в сфере занятости граждан из целевых групп населения города Экибастуза на 2012 год

Қаулы · № 21/1 · қабылданған 05.01.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-ekb-63120/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О дополнительных мерах по социальной защите в сфере занятости граждан из целевых групп населения города Экибастуза на 2012 год Қолданыста Қаулы ·№ 21/1 ·05.01.2012
29.01.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.01.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О дополнительных мерах по социальной защите в сфере занятости граждан из целевых групп населения города Экибастуза на 2012 год

Қолданыста Қаулы ·№ 21/1 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О дополнительных мерах по социальной защите в сфере занятости граждан из целевых групп населения города Экибастуза на 2012 год
Атауы (қаз.)
Екібастұз қаласы халқының нысаналы тобындағы азаматтарды жұмыспен қамту саласында әлеуметтік қорғау бойынша 2012 жылға арналған қосымша шаралар туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
21/1
Қабылданған күні
05.01.2012
Көрсетілген редакция
29.01.2013 AI63120_2.kaz
Соңғы өзгеріс
29.01.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12PC000316
ЭКБ идентификаторы
63120
Редакция идентификаторы
AI63120_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:25

0 Екібастұз қаласы халқының нысаналы тобындағы азаматтарды жұмыспен қамту саласында әлеуметтік қорғау бойынша 2012 жылға арналған қосымша шаралар туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5, 7, 18-1, 18-2-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" № 836, 2011 жылғы 18 шілдедегі "Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы" № 815 қаулыларына сәйкес және халықтың нысаналы тобындағы жұмыссыздардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Еңбек нарығындағы жағдайға және қолдағы бюджеттік қаражаттарға сүйене отырып, нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:

1 1) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;

2 2) әйелдер үшін елу жастан жоғары және ер адамдар үшін елу бес жастан жоғары тұлғалар;

3 3) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемеген тұлғалар;

4 4) отбасында бір де бір жұмыс істейтін адамы жоқ тұлғалар;

5 5) "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жолдамасы бойынша кәсіби даярлау және қайта даярлау курстарынан өткен жұмыссыздар.

2 2. Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау бойынша келесідей қосымша шаралар белгіленсін:

1 1) халықтың нысаналы тобындағы жұмыссыздар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырып, жұмыс берушінің шығынына ішінара өтемақы төлеу үшін қалалық және республикалық бюджеттерден субсидия беру түрінде қаржыландыруды қамтамасыз ету;

2

2) орта және жоғары білім алғаннан кейін, техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдардың түлектерінен жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін "жастар тәжірибесін" ұйымдастырып, жергілікті бюджет қаражаты мен республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттер есебінен қаржыландыруды қамтамасыз ету.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары А.Қ. Мардановаға жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы