Об организации и обеспечении приписки граждан мужского пола, которым в 2012 году исполняется семнадцать лет, к призывному участку
Күшін жойған
Қаулы
·№ 06
·
20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации и обеспечении приписки граждан мужского пола, которым в 2012 году исполняется семнадцать лет, к призывному участку
- Атауы (қаз.)
- 2012 жылы жасы он жетіге толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 06
- Қабылданған күні
- 18.01.2012
- Көрсетілген редакция
- 02.05.2012 AI63154_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.05.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12VF000154
- ЭКБ идентификаторы
- 63154
- Редакция идентификаторы
- AI63154_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:20
0 2012 жылы жасы он жетіге толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi «Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына сәйкес Аягөз ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. 2012 жылғы қаңтар-наурызда 2012 жылы жасы он жетіге толатын еркек жынысты азаматтарды тіркеуді өткізу «Аягөз қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қабанбай батыр атындағы көшесі № 44 мекен-жайы бойынша шақыру учаскесінде ұйымдастырылсын.
2 2. «Аягөз қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тіркеуді уақытылы және сапалы өткізу мақсатында шақыру учаскесін дайындау және заңнамамен белгіленген шараларды қабылдау ұсынылсын.
3 3. «Аудандық медициналық бiрлестiгi» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына жасөспірімдерді сапалы медициналық куәландыру үшiн дәрiгер-мамандар мен орта медициналық қызметкерлерінің қажетті санымен қамтамасыз ету ұсынылсын.
4 4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары C. Ысқақовқа жүктелсін.
5 5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Аягөз қаласының қорғаныс істері
жөніндегі біріккен бөлімі,
подполковник
М. Жақашев
18.01.2012 ж.
Аягөз аудандық медициналық
бірлестігінің бастығы
Ж. Жұмаханов
18.01.2012 ж.