Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2012 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на здравоохранение

Қаулы · № 115 · қабылданған 19.01.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-ekb-63202/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-02 · adilet.kz
Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2012 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на здравоохранение Қолданыста Қаулы ·№ 115 ·19.01.2012
28.12.2012 редакциясы
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2012 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на здравоохранение

Қолданыста Қаулы ·№ 115 · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2012 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на здравоохранение
Атауы (қаз.)
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
115
Қабылданған күні
19.01.2012
Көрсетілген редакция
28.12.2012 AI63202_4.kaz
Соңғы өзгеріс
28.12.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200000115
ЭКБ идентификаторы
63202
Редакция идентификаторы
AI63202_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:18

0 Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы

«2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңының 13-бабын және «2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1428 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі нысаналы ағымдағы трансферттердің бекітілген сомасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне аударуды қамтамасыз етсін.

3 3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:

1 1) нысаналы ағымдағы трансферттердің бөлінген сомасын уақтылы және нысаналы пайдалануды;

2 2) есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне нысаналы ағымдағы трансферттердің бөлінген сомасының пайдаланылуы туралы есептер беруді қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

7 Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 19 қаңтардағы
№ 115 қаулысымен
бекітілген
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына және «2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1428 қаулысын сәйкес әзірленді.

2 2. Қағидалар облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді мынадай республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша пайдалану тәртібін айқындайды:

010 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер»;
027 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттер»;
038 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер».

3 3. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер:

1 1) аурулардың профилактикасына, салауатты өмір салтын насихаттау мен қалыптастыруға;

2 2) АИТВ ахуалына эпидемиологиялық қадағалау жүргізуге;

3 3) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.12.28 № 1725 Қаулысымен.

4 4) ересек адамдарда артериялық гипертензияның, жүректің ишемиялық ауруларының, қант диабетінің бар-жоғын тексеріп-қарауға;

5 5) балалардың, ересектердің нысаналы топтарына «В» және «С» гепатитін анықтауға скрининг жүргізуге;

6 6) жатыр мойының ісігін анықтау үшін скрининг жүргізуге;

7 7) колоректалдық қатерлі ісікке скрининг жүргізуге;

8 8) бастапқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі - БМСК) ұйымдарында әлеуметтік қызметкерлер институтын енгізуге;

9 9) БМСК ұйымдарын медициналық мейірбикелермен толықтыру үшін;

10 10) жылжымалы медициналық кешендердің жұмыс істеуіне;

11 11) наркологиялық диспансерлерде және оңалту орталықтарында, хоспистер мен мамандандырылған емдеу-профилактикалық кәсіпорындарында, санаторийлерде, мейірбикелік күтім ауруханаларында науқастарды емдеуге;

12 12) онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуге;

13 13) тіс-жақ аномалияларын жоюға арналған аппаратты пайдалана отырып, туа біткен жақ-бет мүшелерінің патологиясы бар балаларға ортодонттық көмек (ортодонттық пластинка) көрсетуге;

14 14) БМСК ұйымдары көрсететін медициналық көмек сапасының нәтижелерін ескеретін БМСК тарифіне қосымша компонентті төлеуге (БМСК тарифіне ынталандыратын құрамдас бөлік);

14-1 14-1) қуықасты безінің обырын скринингтік зерттеуге;

15

15) дәрілік заттарды, вакциналар мен басқа да иммундық-биологиялық препараттарды, диабетке қарсы препараттарды; туберкулезге қарсы препараттарды; гематологиялық науқастарға арналған химиялық препараттарды, гемофилиямен ауыратын ересек науқастарға қан ұйыту факторларын; жіті миокард инфаркты бар науқастар үшін тромболитикалық препараттарды; «В» және «С» вирустық гепатиттерімен ауыратын балаларды және ересектерді емдеуге арналған препараттарды; АИТВ инфекциясын жұқтырғандарды емдеуге және байланыста болғаннан кейінгі профилактикасына арналған ретровирусқа қарсы препараттарды,
миастениямен ауыратын науқастарды; реналдық анемиясы бар бүйрек
функциясының созылмалы жетіспеушілігімен ауыратын науқастарды емдеуге
арналған препараттарды; муковисцидозбен; мукополисахаридозбен; Гоше
ауруымен ауыратын балаларды емдеуге арналған препараттарды; ұмытшақ
склерозы бар науқастарға препараттарды, амбулаториялық деңгейде
онкологиялық науқастарды дәрілік заттарды (таргенттік препараттар);
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген аурулар (жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия, созылмалы жүрек жетіспеушілігі, аритмия, пневмония, өкпенің созылмалы обструктивтік ауруы, асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы) түрлері бойынша азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесіне сәйкес дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдарды 0,5-тен 1,0-ге дейін мөлшерінде өтеу коэффициентіне жеткізуге пайдаланылады.

2 2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге республикалық бюджеттен берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану тәртібі

4

4. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге: наркологиялық диспансерлерде және оңалту орталықтарында, хоспистер мен мамандандырылған емдеу-профилактикалық кәсіпорындарында, санаторийлерде, мейірбикелік күтім ауруханаларында науқастарды емдеуге стационарлық және стационарды алмастыратын көмекке; онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсету (2011 жылғы желтоқсандағы шот-тізілімге енбеген ТМКК аясында медициналық қызмет көрсету оқиғалары үшін және сапа мен көлемді бақылау бойынша оқиғаларды қосқандағы төлем); аурулардың профилактикасына, салауатты өмір салтын насихаттау мен қалыптастыруға; тіс-жақ аномалияларын жоюға арналған аппаратты пайдалана отырып, туа біткен жақ-бет мүшелерінің патологиясы бар балаларға ортодонттық көмек (ортодонттық пластинка) көрсетуге медициналық қызметтерді сатып алуды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мемлекеттік денсаулық сақтау басқармаларының жергілікті органдары жүзеге асырады.

5 5. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері тегін

медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету және кеңейту жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде:

1 1) аурулардың профилактикасына, салауатты өмір салтын насихаттау мен қалыптастыруды;

2 2) АИТВ ахуалына эпидемиологиялық қадағалау жүргізуді;

3 3) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.12.28 № 1725 Қаулысымен.

4 4) ересек адамдарда артериялық гипертензияның, жүректің ишемиялық ауруларының, қант диабетінің бар-жоғын тексеріп-қарауды;

5 5) ересектердің, балалардың нысаналы топтарына «В» және «С»

гепатитін анықтауға скрининг жүргізуді;

6 6) жатыр мойының ісігін анықтау үшін скрининг жүргізуді;

7 7) колоректалдық қатерлі ісікке скрининг жүргізуді;

8 8) БМСК ұйымдарында әлеуметтік қызметкерлер институтын енгізуді;

9 9) БМСК ұйымдарын медициналық мейірбикелермен толықтыруды;

10 10) жылжымалы медициналық кешендерінің жұмыс істеуін;

11 11) наркологиялық диспансерлерде және оңалту орталықтарында,

хоспистер мен мамандандырылған емдеу-профилактикалық кәсіпорындарында, санаторийлерде, мейірбикелік күтім ауруханаларында науқастарды емдеуге;

12 12) онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуді;

13 13) тіс-жақ аномалияларын жоюға арналған аппаратты пайдалана отырып, туа біткен жақ-бет мүшелерінің патологиясы бар балаларға ортодонттық көмек (ортодонттық пластинка) көрсетуді;

14 14) БМСК ұйымдары көрсететін медициналық көмек сапасының нәтижелерін ескеретін БМСК тарифіне қосымша компонента төлеуді (БМСК тарифіне ынталандыратын құрамдас бөлік);

15 15) қуықасты безінің обырын скринингтік зерттеуді қамтамасыз етеді.

3 3. Дәрілік заттарды, вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға республикалық бюджеттен берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану тәртібі

6

6. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және олармен қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай дистрибьютор вакциналар мен басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттарды, диабетке қарсы препараттарды; туберкулезге қарсы препараттарды; амбулаториялық деңгейде онкологиялық науқастар, онкогематологиялық науқастар үшін дәрілік заттарды (таргеттік препараттар); гемофилиямен ауыратын ересек науқастарға қан ұйыту факторларын; жіті миокард инфаркты бар науқастар үшін тромболитикалық препараттарды; «В» және «С» вирустық гепатиттерімен ауыратын балаларды, ересектерді емдеуге арналған препараттарды; АИТВ инфекциясын жұқтырғандарды емдеуге және байланыстан болғаннан кейінгі профилактикасына арналған ретровирусқа қарсы препараттарды, миастениямен ауыратын науқастарды; реналдық анемиясы бар бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігімен ауыратын науқастарды емдеуге арналған препараттарды; муковисцидозбен; мукополисахаридозбен; Гоше ауруымен ауыратын балаларды емдеуге арналған препараттарды; ұмытшақ склерозы бар науқастарға препараттарды сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып табылады.

7 7. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі:

1 1) амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілдік

берілген көлемінің шеңберінде халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін бекітеді;

2 2) өңірлер бойынша 2012 жылы нысаналы ағымдағы трансферттердің

есебінен бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттардың,
вакциналар мен басқа да медициналық иммундық-биологиялық
препараттардың тізбесі мен көлемін айқындайды.

8 8. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:

1 1) амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен қамтамасыз етілетін науқастардың электрондық тіркелімін қалыптастыруды;

2 2) республикалық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттердің есебінен сатып алынатын дәрілік заттардың пайдалануына мониториг жүргізуді;

3

3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген дәрілік заттардың тізбесіне сәйкес жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия, созылмалы жүрек жетіспеушілігі, аритмия, пневмония, өкпенің созылмалы обструктивтік ауруы, асқазанның және ұлтабардың ойық жарасы аурулар түрлері бойынша азаматтардың жекелеген санаттары үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу үшін нысаналы ағымдағы трансферттердің есебінен республикалық бюджеттен бөлінетін қаражатқа тең көлемде жергілікті бюджеттен қаражаттың бөлінуін қамтамасыз етеді.

4 4. Жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға және жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға республикалық бюджеттен берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану тәртібі

9 9. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының

бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер медициналық жабдықтар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен мамандандырылған автокөлік сатып алуға пайдаланылады.

10

10. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарымен денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника стандарттарының шеңберінде жергілікті деңгейдегі медициналық ұйымдарға арналған медициналық техниканың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, сондай-ақ мамандандырылған автокөліктің тізбесін келіседі.

11

11. Осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыруды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген заңды тұлға жүзеге асырады.

12 12. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға енгізілмеген медициналық техниканы және мамандандырылған автокөлікті сатып алуды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары жүзеге асырады.

13

13. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің медициналық ұйымдарының арасында медициналық техниканы, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен мамандандырылған автокөлікті бөлуді ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын пайдалану бағыттарына сәйкес облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары жүзеге асырады.

13-1

13-1. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға ағымдағы нысаналы трансферттерді аудару нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiмнiң, белгiленген тәртiппен бекiтiлген төлемдер бойынша тиiстi бюджеттiк бағдарламаны қаржыландырудың жеке жоспарының негiзiнде мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі болған кезде жүзеге асырылады.
Күрделі сипаттағы шығыстарды қоспағанда, ағымдағы нысаналы трансферттер жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға байланысты ағымдағы шығыстарға пайдаланылады.

5 5. Нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша үнемдеу қаражатын пайдалану, есептілік

14

14. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі облыстық бюджеттердің ағымдағы мақсатты трансферттерге, Астана және Алматы қалалары бюджеттеріне нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім негізінде төлемдер жөнінде бюджеттік бағдарламаға сәйкес қаржыландырудың жеке жоспарына, онкологиялық ауруларға медициналық көмек көрсетуге нысаналы ағымдағы трансферттер аударымына, сондай-ақ мақсатты міндеттердің көлемі және сапасының нәтижелері есепке алынып аударымдар жүргізіледі.

15

15. Нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану кезінде үнемдеу пайда болған жағдайда облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің келісімімен үнемделген соманы нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісіммен айқындалған нәтижелер көрсеткіштерін жақсартуға пайдаланады.

16 16. Қандай да бір облыс бөлінген қаражатты толығымен игермеген жағдайда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен өңірлер бойынша нысаналы трансферттердің сомасын қайта бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізеді.

17

17. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жартыжылдықтың және бір жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп береді.

18 18. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне есептілікті ұсынады.

1 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер шеңберінде 2012 жылы сатып алынатын медициналық техниканың тізбесі

Облыстық бюджеттердің, Астана
және Алматы қалалары бюджеттерінің
2012 жылға арналған республикалық
бюджеттен денсаулық сақтауға
берілетін нысаналы ағымдағы
трансферттерді пайдалану қағидаларына
1-қосымша
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер шеңберінде 2012 жылы сатып алынатын медициналық техниканың тізбесі
Р/с №
Ата­уы
1
2
1.
Қа­ла­лық және об­лы­стық ау­ру­ха­на­лар үшін уре­те­ро­пи­е­ло­ско­пы бар кон­так­ты­лы ла­зер­лік ли­то­т­рип­тер
2.
Қа­ла­лық ем­ха­на­лар үшін цифр­лық ра­дио­ло­ги­я­лық жүйе
3.
Қа­ла­лық және об­лы­стық ау­ру­ха­на­лар үшін ла­па­ро­ско­пи­я­лық хи­рур­ги­я­ға ар­нал­ған бей­не­эн­до­ско­пи­я­лық ке­шен
4.
Босан­ды­ру ұй­ым­да­ры үшін дат­чик­тер жи­на­ғы және прин­те­рі бар УДЗ ап­па­ра­ты
5.
Гла­у­ко­ма­лық ка­би­нет­тер үшін құ­рам­да­сты­ры­л­ған ла­зер­лік қон­дыр­ғы
6.
Қа­ла­лық және об­лы­стық ау­ру­ха­на­лар үшін дат­чик­тер жин­тығы мен бас­қа­ру па­не­лі бар УДЗ ап­па­ра­ты
7.
Қа­ла­лық ем­ха­на­лар үшін рент­ген­дік флю­о­ро­гра­фи­я­лық ста­ци­о­нар­лық цифр­лық ап­па­рат
8.
Қа­ла­лық және об­лы­стық ау­ру­ха­на­лар үшін С-до­ға­сы бар жы­л­жы­ма­лы рен­ге­но­хи­рур­ги­я­лық қон­дыр­ғы
9.
Он­ко­ло­ги­я­лық дис­пан­сер­лер үшін сұй­ық ци­то­ло­гия ап­па­ра­ты
10.
Ту­бер­ку­лез­ге қар­сы ұй­ым­дар үшін жы­л­жы­ма­лы рент­ген­дік флю­о­ро­гра­фи­я­лық цифр­лық ке­шен
11.
С-до­ға тү­рі бой­ын­ша хи­рур­ги­я­лық рент­ген­дік жүйе–ұт­қыр ап­па­рат (те­ле­ви­зи­я­лық жүй­е­ні цифр­лық кү­шейт­кі­ші бар)
12.
Гла­у­ко­ма­лық ка­би­нет­тер үшін ре­ти­нал­дық то­мо­граф
13.
Қа­ла­лық және об­лы­стық ау­ру­ха­на­лар үшін С-тә­р­із­дес шта­ти­ві бар рент­ген ап­па­ра­ты
14.
Пе­ри­на­тал­дық ор­та­лық­тар/ме­ди­ци­на­лық-ге­не­ти­ка­лық бө­лім­ше­лер үшін бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз еті­л­ген және дат­чик­тер жи­на­ғы бар УДЗ ап­па­ра­ты
15.
Аудан­дық ем­ха­на­лар үшін рент­ген­дік ста­ци­о­нар­лық цифр­лық мам­мо­граф
16.
Қа­ла­лық ем­ха­на­лар үшін рент­ген­дік ста­ци­о­нар­лық цифр­лық мам­мо­граф
17.
Қа­ла­лық және об­лы­стық ау­ру­ха­на­лар үшін 2 жұ­мыс ор­ны­на ар­нал­ған рент­ген­ди­а­гно­сти­ка­лық ке­шен
18.
Қа­ла­лық және об­лы­стық ау­ру­ха­на­лар үшін то­лық эн­до­скоп­тар сызығы бар эн­до­ско­пи­я­лық бей­не­та­ған
19.
Ту­бер­ку­лез­ге қар­сы ұй­ым­дар үшін жұ­мыс стан­ци­я­сы және 3 жұ­мыс ор­ны­на ар­нал­ған оциф­ров­щи­гі бар рент­ген­дік ди­а­гно­сти­ка­лық ста­ци­о­нар­лық цифр­лық ап­па­рат
20.
Аудан­дық ем­ха­на­лар үшін рент­ген­дік ди­а­гно­сти­ка­лық ста­ци­о­нар­лық цифр­лық ап­па­рат
21.
Қа­ла­лық ем­ха­на­лар үшін рент­ген­дік ди­а­гно­сти­ка­лық ста­ци­о­нар­лық цифр­лық ап­па­рат
22.
Ба­ла­лар ұй­ым­да­ры үшін рент­ген­дік ди­а­гно­сти­ка­лық ста­ци­о­нар­лық цифр­лық ап­па­рат
23.
Қа­ла­лық және об­лы­стық ау­ру­ха­на­лар үшін рент­ген­дік ди­а­гно­сти­ка­лық ста­ци­о­нар­лық цифр­лық ап­па­рат
24.
Аудан­дық ем­ха­на­лар үшін рент­ген­дік цифр­лық жы­л­жы­ма­лы мам­мо­граф
25.
Кар­дио­ло­ги­я­лық қыз­мет үшін ан­гио­граф
26.
Ком­пью­тер­лік то­мо­граф
27.
Маг­нит­тік-ре­зо­нан­стық то­мо­граф
28.
Кар­дио­ло­ги­я­лық қыз­мет үшін би­жос­пар­лық ба­ла­лар ан­гио­гра­фы
29.
Гла­у­ко­ма­лық ка­би­нет­тер үшін оф­таль­мо­скоп
30.
Гла­у­ко­ма­лық ка­би­нет­тер үшін кон­так­ты­сыз то­но­метр
31.
Гла­у­ко­ма­лық ка­би­нет­тер үшін ком­пью­тер­лік пе­ри­метр
32.
Гла­у­ко­ма­лық ка­би­нет­тер үшін са­ңы­ла­у­лы ша­мы бар, ал­дың­ғы бө­лік­ке ар­нал­ған оп­ти­ка­лық ко­ге­рент­тік то­мо­граф
33.
Кар­дио­ло­ги­я­лық кө­мек көр­се­те­тін ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­дар үшін жү­рек пен та­мыр­лар­ды УДЗ ди­а­гно­сти­ка­ла­у­ға ар­нал­ған ап­па­рат

2 2012 жылы облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің жергілікті деңгейде денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттердің сомасын пайдалану бағыттары

Облыстық бюджеттердің, Астана
және Алматы қалалары бюджеттерінің
2012 жылға арналған республикалық
бюджеттен денсаулық сақтауға
берілетін нысаналы ағымдағы
трансферттерді пайдалану қағидаларына
2-қосымша
2012 жылы облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің жергілікті деңгейде денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттердің сомасын пайдалану бағыттары
мың теңге
Р/с

Өңір­лер­дің ата­уы
БМСК ұй­ым­да­рын жа­рақ­тан­ды­ру
Же­дел ме­ди­ци­на­лық жәр­дем қыз­ме­тін жа­рақ­тан­ды­ру
Ту­бер­ку­лез­ге қар­сы ұй­ым­дар­ды жа­рақ­тан­ды­ру
Ба­ла­лар мен босан­ды­ру ұй­ым­да­рын жа­рақ­тан­ды­ру
Аудан­дық, қа­ла­лық және об­лы­стық ау­ру­ха­на­лар­ды жа­рақ­тан­ды­ру
Он­ко­ло­ги­я­лық ұй­ым­дар­ды жа­рақ­тан­ды­ру
Маг­нит­ті-ре­зо­нан­сты және ком­пью­тер­лік то­мо­граф­тар­мен жа­рақ­тан­ды­ру
1
2
3
4
5
6
7
8
9
1.
Ақ­мо­ла об­лы­сы
37 454
4 686
30 730
196 965
146 997
-
-
2.
Ақ­тө­бе об­лы­сы
1 135
7 762
30 720
82 558
60 440
30 000
-
3.
Ал­ма­ты об­лы­сы
307 374
37800
-
123 455
26 532
30 000
-
4.
Аты­рау об­лы­сы
67 155
25 220
30 730
152 777
26 760
30 000
-
5.
Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы
119 422
12 610
30 730
234 193
26 500
30 000
-
6.
Жам­был об­лы­сы
72 647
12 200
-
115 632
56 539
-
499 565
7.
Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы
61 219
-
-
217 188
29 346
30 000
-
8.
Қа­ра­ған­ды об­лы­сы
75 996
-
30 720
115 724
7106
30 000
-
9.
Қо­ста­най об­лы­сы
98 325
12 610
-
193 442
83 909
-
-
10.
Қы­зы­лор­да об­лы­сы
42 765
25 222
-
287 001
7 100
30 000
255 674
11.
Маң­ғы­стау об­лы­сы
39 125
25 222
-
235 784
7 109
30 000
-
12.
Пав­ло­дар об­лы­сы
35 092
25 222
-
214 380
89 549
-
-
13.
Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы
41 100
25 200
-
139 632
28 090
30 000
-
14.
Оң­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы
60 934
-
55 999
356 841
6 958
30 000
-
15.
Ал­ма­ты қа­ла­сы
73 365
-
-
74 641
7 109
30 000
-
16.
Аста­на қа­ла­сы
25 300
-
-
194 474
7 106
30 000
-
Жиы­ны:
1 158 408
213 754
209 629
2 934 687
617 150
360 000
755 239
мың теңге
Р/с

Өңір­лер­дің ата­уы
Кар­дио­ло­ги­я­лық кө­мек көр­се­те­тін ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­дар­ды жа­рақ­тан­ды­ру
Кар­дио-хи­рур­ги­я­лық, кар­дио­ло­ги­я­лық ор­та­лық­тар­ды (бө­лім­ше­лер­ді) жа­рақ­тан­ды­ру
Ме­ди­ци­на­лық жы­л­жы­ма­лы ке­шен­дер­мен жа­рақ­тан­ды­ру
Бар­лы­ғы
1
2
10
11
12
13
1.
Ақ­мо­ла об­лы­сы
255 500
65 948
-
738 280
2.
Ақ­тө­бе об­лы­сы
254 600
73 780
-
540 995
3.
Ал­ма­ты об­лы­сы
-
73 784
-
598 945
4.
Аты­рау об­лы­сы
255 500
71 460
-
659 602
5.
Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы
254 600
73 740
128 250
910 045
6.
Жам­был об­лы­сы
-
62 360
-
818 943
7.
Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы
255 500
73 768
-
667 021
8.
Қа­ра­ған­ды об­лы­сы
255 500
110 703
-
625 749
9.
Қо­ста­най об­лы­сы
255 700
68 786
-
712 772
10.
Қы­зы­лор­да об­лы­сы
-
73 794
-
721 556
11.
Маң­ғы­стау об­лы­сы
255 730
36 905
-
629 875
12.
Пав­ло­дар об­лы­сы
255 700
73 802
-
693 745
13.
Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы
255 500
66 696
-
586 218
14.
Оң­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы
-
73 786
-
584 518
15.
Ал­ма­ты қа­ла­сы
510 000
73 810
-
768 925
16.
Аста­на қа­ла­сы
-
73 709
-
330 589
Жиы­ны:
3 063 830
1 146 831
128 250
10 587 778

Қолданыстағы