Құжат мәтініне өту

Об определении целевых групп населения по Шемонаихинскому району на 2012 год

Қаулы · № 343 · қабылданған 13.01.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-ekb-63225/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об определении целевых групп населения по Шемонаихинскому району на 2012 год Күшін жойған Қаулы ·№ 343 ·13.01.2012
01.01.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении целевых групп населения по Шемонаихинскому району на 2012 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 343 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении целевых групп населения по Шемонаихинскому району на 2012 год
Атауы (қаз.)
2012 жылға Шемонаиха ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
343
Қабылданған күні
13.01.2012
Көрсетілген редакция
01.01.2013 AI63225_4.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12VS000164
ЭКБ идентификаторы
63225
Редакция идентификаторы
AI63225_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:22

0 2012 жылға Шемонаиха ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы 13) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабы 2-тармағы, 7-бабы 2) тармақшасы негізінде, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ:

1 1. 2012 жылға Шемонаиха ауданы бойынша халықтың мынадай нысаналы топтары анықталсын:

1 1) табысы аз адамдар;

2 2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;

3 3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;

4 4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;

5 5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;

6 6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);

7 7) мүгедектер;

8 8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;

9 9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;

10 10) оралмандар;

11 11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;

12 12) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;

13 13) өндірісті ұйымдастырудағы өзгерістерге, оның ішінде жұмыс көлемінің қайта ұйымдастырылуы және (немесе) қысқаруына байланысты толық емес жұмыс күні тәртібімен жұмыс істейтін адамдар;

14 14) жалақысы сақталмайтын демалыстағы адамдар;

15 15) ұзақ уақыт бойы (бір жылдан аса) жұмыс істемеген адамдар;

16 16) бұрын жұмыс істемеген (еңбек өтілі жоқ) адамдар;

17 17) жазғы демалыс кезеңіндегі оқушылар мен студенттер;

18 18) 50 жастан асқан адамдар;

19 19) отбасында бірде-бір жұмысшысы жоқ адамдар;

20 20) маскүнемдік және (немесе) нашақорлықтан емдеу курсынан өткен адамдар;

21 21) қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінде есепте тұрған адамдар.

2 2. «Шемонаиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» (Бабаева Г. Н.) мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарға жұмысқа орналасуда жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары В. И. Лонскийге жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы