О льготном проезде на внутригородском общественном транспорте (кроме такси) обучающихся очной формы обучения на январь и февраль месяцы 2012 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О льготном проезде на внутригородском общественном транспорте (кроме такси) обучающихся очной формы обучения на январь и февраль месяцы 2012 года
- Атауы (қаз.)
- Күндізгі оқу нысанында оқитын білім алушылардың қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) 2012 жылғы қаңтар және ақпан айларында жеңілдікпен жол жүруі туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 15
- Қабылданған күні
- 24.01.2012
- Көрсетілген редакция
- 07.03.2013 63259_170105.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.03.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12KA000151
- ЭКБ идентификаторы
- 63259
- Редакция идентификаторы
- 63259_170105
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:17
0 Күндізгі оқу нысанында оқитын білім алушылардың қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) 2012 жылғы қаңтар және ақпан айларында жеңілдікпен жол жүруі туралы
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабы 1 тармағы 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі Заңының 6 бабы 4) тармақшасына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Қарағанды қаласы білім алушыларының келесі санаттарына қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) 2012 жылғы қаңтар және ақпан айларында жеңілдікпен жол жүру белгіленсін:
1 1) Қарағанды қаласының жалпы білім беретін оқу орындарының бірінші сыныптан сегізінші сыныпқа дейінгі білім алушыларын қосып алғанда – тегін жүру;
2
2) жалпы білім беретін оқу орындарының тоғызыншы сыныптан он бірінші сыныпқа дейінгі білім алушыларына, кәсіптік лицейлер мен колледждердің білім алушыларына (тоғызыншы сынып негізінде бірінші курстан екінші курсқа дейін), оқушының белгілі күнтізбелік мерзімге арналған ұзақ мерзімді пайдаланудағы жол жүру билетін сатып алумен немесе қазіргі тарифтің 50 % төлеумен;
3 3) барлық меншік түріндегі кәсіптік лицейлерде, колледждер (он бірінші сыныптардың негізінде) мен жоғарғы оқу орындарының күндізгі оқу бөлімінде білім алушыларға белгілі күнтізбелік мерзімге арналған ұзақ мерзімді пайдаланудағы жол жүру билетін сатып алумен немесе қазіргі тарифтің 50 % төлеумен.
2
2. IV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2011 жылғы 11 мамырдағы XLVIII сессиясының "Күндізгі оқу нысанында оқитын білім алушылардың қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) 2011 жылдың үшінші және төртінші тоқсандарында жеңілдікпен жол жүруі туралы" N 496 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-1-134 болып тіркелген, 2011 жылғы 1 маусымдағы N 065 (817) "Взгляд на события" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (төрағасы Жанділ Ахуанұлы Мұхтаров) жүктелсін.
4 4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған қатынастарға қолданылады.
Келісілді:
"Қарағанды қаласының білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығының
міндетін атқарушы
А. Мештаев
26.01.2012 ж.